Біздің командамыз

Мансап

Біздің командамыз

Біздің өсуіміз және үздік дарын иелерін тартуымыз үшін көпбейінді және инклюзивті компанияға айналу біз үшін өте маңызды. Біз қызметкерлеріміздің қолдау мен құрметті сезініп, жынысына, жасына, ұлты мен дініне немесе кез келген басқа да сипаттамаларға байланыссыз өз әлеуеттерін толығымен іске асыру мүмкіндігіне ие болуларын қалаймыз.

Біз барлық қызметкерлерге ілгерілеу үшін әділ және тең мүмкіндіктерді кепілдендіре отырып, білім алу мен дамуға қолжетімділікті барша үшін қамтамасыз етеміз.

Біз қызметкерлерді тек қана олардың жұмыс үшін қажетті біліктілігін, тәжірибесін, қабілеттері мен құзыреттерін ескере отырып қана жұмысқа жалдаймыз, ілгерілетеміз және ынталандырамыз. Біз шығу тегі әртүрлі және көзқарастары әралуан адамдарды жұмысқа тартуға, ұстауға және уәждеуге ұмтыламыз. Біз кемсітушілікке жол бермеу және, мүмкіндігінше, кең гендерлік теңгерімге қол жеткізу саясатын әрқашан ұстанатын боламыз. Біз ерлер мен әйелдердің жұмыс орнындағы теңдігінің маңыздылығын мойындаймыз және біздің адамдарымыздың тең құқықтарға, міндеттер мен мүмкіндіктерге ие болуы туралы қам жейтін боламыз.

2020 жылғы наурызда COVID-19 пандемиясы салдарынан АІХ қызметкерлердің денсаулығы үшін тәуекелдерді барынша азайтуға және сонымен бірге үздіксіз жұмысты қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шаралар қабылдады. Аурудың таралуына байланысты Қазақстан үкіметі қабылдаған соңғы шаралар кешеніне сәйкес, АІХ қызметкерлерге қашықтан және кеңседе қатар жұмыс істеуді үйлестіру мүмкіндігін беретін жаңа гибридті жұмыс істеу моделін ұсынды. Мұндай тәсілдеме қызметкерлерге олардың жеке қажеттіліктері мен мән-жайларға байланысты, жұмысқа қойылатын нақты талаптардың орындалымдығы мен денсаулыққа қатысты ұсыныстарға байланысты анағұрлым иекемді режим ұсынады. Бұл жұмыс моделі  біздің анағұрлым инклюзивті, икемді және адамдарға бағдарланған корпоративтік мәдениетке бейілділігімізді нығайта түседі.