Бірінші биржалық инвестициялық қор AIX-те листингтен өтті

16 Тамыз 2019

Бірінші биржалық инвестициялық қор AIX-те листингтен өтті

«Astana International Exchange» («AIX», «Биржа») 2019 жылы 16 тамызда ITI Funds UCITS ETF SICAV («ITI ETF») юниттері  ресми листингке енгізілгенін хабарлайды. ITI ETF юниттері АҚШ долларымен белгіленіп, есеп айырылысатын RUSB тикерімен саудаланатын және LSE (London Stock Exchange), MOEX (Moscow Exchange) және AIX арасында толық айырбасталатын болады. AIX-те юниттер саудасы 2019 жылдың тамызында басталады деп күтілуде.

AIX басқарма төрағасы Тим Беннетт былай деп түсініктеме берді:

«Біз Astana International Exchange-дегі биржалық қордың алғашқы эмитентін қарсы алуға өте қуаныштымыз. AIX-тегі алғашқы биржалық қордың листингі инвесторларға бүкіл әлем бойынша түрлі активтерге инвестициялау үшін қарапайым және ашық құрал ұсынады. Биржалық қорлар юниттерінің листингі мен саудасы Қазақстандағы инвесторлық базаны дамыту үшін капитал нарығында қолжетімді мүмкіндіктерді кеңейту жөніндегі AIX стратегиясының бір бөлігі болып табылады.” 

ITI Funds Басқармасының Төрағасы Глеб Яковлев былай деп мәлімдеді:

«Біз биржалық қорымыздағы юниттердің AIX-тегі листингі туралы жариялауға қуаныштымыз. Бұл листинг, бізге Қазақстанда танымалдықты қамтамасыз етіп, инвесторлар базасын кеңейту мүмкіндігін ұсына отырып, біздің юниттерді жергілікті инвесторлар үшін барынша тартымды және қолжетімді етуі тиіс.»

ITI Funds – бұл инвесторлар мен портфелдік басқарушылардың мүдделерін біріктіретін қор платформасы. Компания портфелдік басқарушыларға қорларды тез құру және операциялық шығындарды азайтуға арналған инфрақұрылымды, сондай-ақ жеке және институционалдық инвесторлар үшін өнімдердің кең спектрін ұсынады. Қазіргі уақытта ITI Funds платформасында 10-нан астам қор, оның ішінде дәстүрлі биржалық қорлар, тікелей инвестициялар қорлары, проблемалық активтер қоры және криптовалютаның индекстік қоры жұмыс істейді. ITI Funds акционерлері Da Vinci Capital және Mantra Investment Partners басқаруындағы тікелей инвестициялар қорлары болып табылады.

Анықтамалық:

AIX. Astana International Exchange 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын («АХҚО») дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және  сауда платформасын ұсынатын NASDAQ болып табылады. AIX халықаралық инвесторларға таныс нормативтік-құқықтық орта аясында, ағылшын құқығының юрисдикциясында жұмыс істейді. Биржада жоғары технологиялық сауда инфрақұрылымы әзірленді және жұмыс істейді. Жергілікті және халықаралық брокерлердің экожүйесі құрылды. 2018 жылдың қараша айында AIX-те «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ IPO сәтті өтті. 2019 жылдың сәуірінде биржадағы қос листингтен Polymetal International Plc ірі тау-кен компаниясы өтті. Сондай-ақ, AIX платформасында листингтен өтіп және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің еурооблигациялары мен «Қазақстан темір жолы»АҚ корпоративтік облигациялары орналастырылды. www.aix.kz

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2015 жылы «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында құрылды. Орталық өз қызметін «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V Конституциялық заңына сәйкес жүзеге асырады. АХҚО-ның мақсаты шикізат емес секторға баса назар аудара отырып, Қазақстанға шетелдік инвестициялардың ағынын ұлғайту, капиталдың ішкі нарығын дамыту, перспективалы қаржы салаларында жеке сараптама жасау болып табылады. www.aifc.kz

ITI Funds. Ресей эмитенттерінің АҚШ долларындағы еурооблигацияларына фокусталған  SICAV (Société d ‘ investissement à capital variable) түріндегі биржалық инвестициялық қор  ITI Funds Russia-focused USD Eurobond (ITIEURBD) индексінің бенчмаркын қадағалайтын UCITS (Undertaking for Collective Investment Scheme-ұжымдық инвестициялар схемасы жөніндегі компания) болып табылады. ІТІ Funds юниталары Лондон қор биржасында және Мәскеу қор биржасында АҚШ долларымен, еуромен және рубльмен сатылады. ITI Funds Russia-focused USD Eurobond индексі АҚШ долларымен номинацияланған ресейлік егеменді және корпоративтік еурооблигациялардың құнын бақылауға арналған тіркелген кірістілігі бар құралдардың индексі болып табылады. Базалық индекске енгізілген АҚШ долларындағы еурооблигациялар мынадай талаптарға жауап беруі тиіс: айналымдағы сома 750 млн.АҚШ долларынан кем емес; мерзім соңында АҚШ долларымен өтелетін облигациялар; бір корпоративтік эмитентке ең көп дегенде 2 шығарылым; Ресейдің егемен рейтингінен төмен емес кредиттік рейтинг; сондай-ақ Ресейдің Орталық банкінің ломбардтық тізіміне енгізілуі. Санкциялармен жүрген эмитенттердің бағалы қағаздары алынып тасталды. Индекс тоқсан сайын қайта теңгерімделеді және Solactive AG-бен есептеледі.

БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы
Tel: +7 (7172) 23 53 19
Email: [email protected]