«Даму» қоры АІХ-тегі алғаш «жасыл» облигациялар листингін өткізді

11 Тамыз 2020

Astana International Exchange («АIX», «Биржа») «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ («Даму» қоры») жаңартылатын энергия көздеріне (ЖЭК) инвестициялау тәуекелдерін төмендету жөнінде БҰҰДБ-мен жасалған келісімнің шеңберінде АІХ-те 200 млн теңге сомасының «жасыл» купондық облигацияларын 36 ай айналу мерзімімен тіркеуді және шығаруды жүзеге асырғанын қуана хабарлайды. Купондық мөлшерлеме – 11,75%. Бұл орналастыру Биржаның «жасыл» қағидаттарына сәйкес келетін бағалы қағаздардың алғашқы листингі және жалпы алғанда Қазақстандағы алғашқы «жасыл» облигациялар листингі болды.

АХҚО жасыл қаржы орталығы жобаға толық сүйемелдеу көрсетті және эмитенттің «жасыл» облигациялар саласындағы Саясатының АІХ-тің «жасыл» облигациялар жөніндегі саясаты мен ICMA-ның (Капитал нарықтарының халықаралық қауымдастығы) «жасыл» облигациялар қағидаттарына сәйкестігін бағалауға негізделген екінші тараптың қорытындысы нысанындағы сыртқы шолуды ұсынды.

Қордың тартқан қаражаты Дамудың «жасыл» облигациялар саласындағы Саясатының шеңберінде ЖЭК бойынша шағын ауқымды инвестициялық жобаларды іске асыратын кәсіпкерлік субъектілерін одан әрі кредиттеу мақсатында екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржылық ұйымдарда орналастырылатын болады. Жоғарыда аталған келісімнің шеңберінде «Даму» қорының купондық мөлшерлемесінің қоса санаған 12% көлеміндегі бір бөлігін БҰҰДБ субсидиялайды. Жоғарыда көрсетілген келісімнің шеңберінде купондық мөлшерлеменің бір бөлігі БҰҰДБ тарапынан субсидияланатын болады. Бұдан басқа, БҰҰДБ сонымен қатар инвестициялық жобаларды іріктеуде техникалық қолдау көрсетеді.  «Даму» қорының «жасыл» облигацияларын АІХ-те шығару және орналастыру бойынша лид-менеджер «BCC Invest» АҚ болып табылады.

АІХ басқармасының төрағасы Тим Беннетт:

«Жасыл облигациялар бойынша біздің алғашқы эмитентімізді қошеметтеуге қуаныштымыз. «Даму» қорының біздің «жасыл» қағидаттарымызға сәйкес келетін бағалы қағаздарының листингі «жасыл» экономиканы дамытуға қаражат тартатын басқа да ұйымдар үшін үлгі болады деп сенеміз», – деп көрсетті.

«Даму» қоры басқармасының төрағасы Гаухар Бөрібаева:

«АІХ-тегі «жасыл» облигациялар листингі «Даму» қоры үшін «жасыл» қаржыландыру және микро-, -шағын-, орта жеке бизнесті қолдау стратегиясын іске асырудағы маңызды қадам болды. Бұл шығарылым жаңартылатын энергия көздері мен энергия тиімділігі саласындағы жобаларды дамытуға және қаржыландыруға ынталандыратын болады деп сенеміз. «Жасыл» қаржыландыруға сұраныс артқан жағдайда, «Даму» қоры осындай жобаларға инвестициялауға арналған «жасыл» облигацияларды қосымша шығару мүмкіндігін қарастыруға әзір», – деп атап өтті.

Анықтама:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ  AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын жалпы құқық қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істей отырып, осы арқылы инвестициялаудың сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік бизнестің қаржыландыруды тартуы үшін түсінікті әрі тиімді жағдайлар жасау есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту болып табылады. AIX «Белдеу және жол» бастамасы шеңберінде тау-кен компаниялары үшін, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобалар үшін арнайы сегменттерді дамытады. Толығырақ: www.aix.kz

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты – халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестицияларды тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

«Даму қоры бұл Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуын және экономикалық өсуін ынталандыру, сонымен қатар мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған қаржылық құралдарын пайдаланудың тиімділігін арттыру  мақсатында құрылған ұлттық даму институты. «Даму» қоры кәсіпкерлер, сонымен қатар кәсіпкерлік әлеуеті бар адамдар үшін бизнесті қолдау құралдарын: екінші деңгейдегі банктер, микроқаржылық ұйымдар, лизингтік ұйымдар арқылы кредиттеу бағдарламаларын; пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауды; жас, ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер үшін кепілдіктер; ақпараттықталдамалық материалдар тарату мен ақысыз оқытуды ұсынады. https://damu.kz/

БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: [email protected]