ЕҚДБ АІХ-те әлеуметтік облигациялар орналастыру арқылы 20 млрд теңге тартты

08 Қараша 2021

2021 жылғы 5 қарашада Еуразия қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) AIX және KASE-де 10,6% купон мөлшерлемесі бойынша 20 млрд теңге көлеміндегі үш жылдық әлеуметтік облигациялар листингін жүзеге асырды. Бұл шығарылым бойынша «Halyk Global Markets» АҚ андеррайтер болды. Қаражаттың барлық көлемі Astana International Exchange арқылы тартылды.

Тартылған қаражат Эмитенттің Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылып жатқан әлеуметтік жобаларын дамытуға бағытталатын болады.

Еуразия қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) – еуразиялық кеңістікте инвестициялық қызметті жүзеге асыратын халықаралық қаржы ұйымы. ЕҚДБ 15 жылдан бері қатысушы елдердің: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның экономикалық байланыстарының нығаюы мен кеңеюіне және жан-жақты дамуына жәрдем етіп келеді. ЕҚДБ-ның жарғылық капиталы 7 млрд АҚШ долларын құрайды. ЕҚДБ портфеліндегі негізгі үлес көлік инфрақұрылымы, цифрлық жүйелер, жасыл энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және машинажасау салаларында интеграциялық әсері бар жобаларға тиесілі. Өз қызметінде Банк БҰҰ-ның Орнықты даму саласындағы мақсаттарын және ESG қағидаттарын басшылыққа алады.

Halyk Global Markets – 1997 жылы  құрылған және Қазақстанның аса ірі инвестициялық банктерінің бірі болып табылады, ол қазақстандық нарықта ғана емес, сонымен қатар халықаралық нарықта да танылған. Halyk Global Markets Қазақстанның аса ірі банкі «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-тың еншілес компаниясы болып табылады. Компания капитал нарығында қызметтердің кең спектрін ұсынады: зейнетақы жинақтарын басқару, брокерлік қызметтер көрсету, инвестициялық портфельді басқару, қаржылық консалтинг қызметтерін көрсету, андерайтинг және талдамалық зерттеулер.

Анықтамалық ақпарат:

AIX. «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде 2017 жылы AIX құрылды. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры мен АІХ сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ АІХ-тің акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын жалпы құқығына негізделген нормативтік-құқықтық ортаның шеңберінде жұмыс істейді, осылайша инвестициялауға сенімді жағдайларды қамтамасыз етеді. АІХ-тің миссиясы Қазақстан мен өңірде жеке және мемлекеттік бизнестерге қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және табысты шарттарды ұсыну есебінен белсенді капитал нарығын дамыту болып саналады. АІХ тау-кен компаниялары үшін арнайы сегментті, сондай-ақ «Белдеу және Жол» бастамасының шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz


АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында құрылды. 2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген. АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтиды. https://aifc.kz/