ИДБ сукуктерінің листингі арқылы АІХ ислам құралдарының ассортиментін кеңейтуде

25 Желтоқсан 2020

Astana International Exchange (AIX, Биржа) Ислам Даму Банкі (ИДБ) сукуктерінің бұдан бұрын 25 млрд. АҚШ доллары жалпы сомасына Ортамерзімді ноталар (MTN)  шығарылымы бағдарламасының шеңберінде  орналастырылған және Euronext Dublin, Nasdaq Dubai және Bursa Malaysia (Exempt Regime) биржаларында саудаланатын үш шығарылымының кросс-листингі туралы қуана хабарлайды.

АІХ-тің ресми тізімі әрқайсысының өтеу мерзімі 5 жыл құрайтын тиісінше  1 млрд. еуро (жасыл сукук), 1,5 млрд. АҚШ доллары (тұрақты сукук) және 2 млрд. АҚШ доллары (дәстүрлі сукук) сомаларының табысы тиянақталған үш шығарылымымен толықты.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы (ИДБ-ның Қазақстан атынан басқарушысы) д-р Қайрат Келімбетов былай деп мәлімдеді:

«Біз ИДБ 3 сукугінің әлеуметтік-түрлендіруші инвестициялар іс-тәжірибесін дамытуға, COVID-19  салдарын жұмсарту бойынша бастамаларды қолдауға және Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған АІХ-тегі листингін қуана қошеметтейміз. Біз ИДБ-ның қатысушы мемлекеттерін АХҚО платформасын толық пайдалануға шақырамыз және АІХ сукук листингі үшін жетекші платформалар қатарына енетін болады деп сенеміз».

ИДБ Президенті  д-р Бандар М. Х. Хаджар былай деп түсініктеме берді:

«Ислам қаражатының көшбасшысы ретінде, ИДБ АІХ-тің ресми тізіміне ИДБ сукугін қосу жолымен АХҚО-ға қуана қолдау көрсетеді. Бұл ИДБ мен АХҚО арасындағы қарым-қатынастардың одан әрі нығаюының белгісі болып табылады және біз инвесторлар үшін бұл жаңа мүмкіндіктер ашады, оларды біз сукукті және оның COVID-19 пандемиясынан кейін жасыл және тұрақты қалыпқа келтіру әлеуеттерін зерделеуге шақырамыз».

АІХ басқармасының төрағасы Тим Беннетт былай деп атап өтті:

«Халықаралық қаржы ұйымы шығарған жаңа сукуктердің АІХ-тегі листингі АІХ-тің исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкес келетін өнімдер листингі үшін негізгі алаң ретінде дамуына қосымша импульс береді. Біз Ислам Даму Банкінің исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкес келетін құралдарының біздің алаңымыздағы листингін қошеметтейміз».

Анықтама үшін:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасы да болып табылатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын жалпы құқығының юрисдикциясындағы нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді, осы арқылы инвестициялаудың сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы – жеке және мемлекеттік бизнес үшін қаржыландыру тартудың айқын және жайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді дамытады, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырады. Толығырақ: www.aix.kz

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен  құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты – қаржылық қызметтер көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру. АХҚО міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызметтер көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. Толығырақ: www.aifc.kz

ИДБ. Ислам Даму Банкі бұл ұлттық қаржы институттарынан жоғары тұратын және ААА рейтінгі  бар халықаралық қаржы институты, оған ИДБ-ның қатысушы елдерінде әлеуметтік-экономикалық және тұрақты дамуды қамтамасыз ететін 57 мүше ел кіреді. Оның қызметінің негізгі бағыттарына жаһандық дамуға жәрдемдесу, серіктестік қарым-қатынастар құру, құн құрудың жаһандық тізбектерін нығайту және ғылымды, технологиялар мен инновацияларды дамыту кіреді. Толығырақ: www.isdb.org