«Самұрық-Энергия» АҚ AIX биржасында «жасыл» облигацияларды орналастырып, 18,4 млрд теңге тартты

29 Қараша 2021

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-тың 100% еншілес компаниясы – «Самұрық-Энерго» АҚ AIX биржасында 18,4 млрд теңге сомасына өтеу мерзімі 2028 жылғы мамырда болып табылатын және купондық мөлшерлемесі 11.40% құрайтын дебюттік «жасыл» облигация орналастырғанын қуана хабарлайды. Барлық сома AIX-ке жария жазылу (букбилдинг) арқылы тартылды.  

«Halyk Finance» АҚ букраннер және орналастырудың жетекші ұйымдастырушысы ретінде қызмет етті. 

Облигациялардың жасыл облигациялар (Second Party Opinion) қағидаттарына сәйкестігі туралы тәуелсіз қорытындыны Жасыл қаржы орталығы ұсынады.

AIX Басқарма төрағасы Ренат Бектұров былай деп мәлімдеді:

«Климаттың өзгеруіне қарсы тұру біздің заманымыздың ең күрделі міндеттерінің бірі, оны шешу үшін елдердің үкіметтері ұсынуы мүмкін қаржыдан әлдеқайда көп қаржы қажет. «Жасыл» облигациялар қазіргі уақытта төмен көміртекті болашаққа көшуге ықпал ететін осы салаға қаржыландыруды тартудың негізгі шешімі болып табылады және AIX осы процестің аймақта алдыңғы қатарда тұрғандығын мақтан тұтады». 

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Сұңғат Есімханов атап өтті:

«Қазақстан, бүкіл әлем сияқты, уақыт өте келе негізінен отынның қазбалы түрлерін — мұнай мен көмірді ығыстырып шығаратын жаңартылатын энергия көздерін кеңінен пайдаланудың 4-ші энергетикалық көшу кезеңіне аяқ басты. Осыған байланысты «жасыл экономикаға» көшудің жаһандық трендтері, стейкхолдерлердің ESG-талаптары Самұрық-Энерго үшін сын-тегеуріндер ретінде қабылданады. Осыған байланысты компания Даму стратегиясында «жасыл» экономикаға көшу бағытын белгілеп, оған қол жеткізуге нық сеніммен қадам басуда. Біз Жасыл қаржы орталығына, «Halyk Finance» және АХҚО қор биржасына үйлесімді жұмысы үшін алғыс айтамыз».

Halyk Finance Басқармасының төрағасы Фархад Охонов:

«Halyk Finance, капиталдың борыштық нарығында қорландыруды тарту бойынша мәмілелерді ұйымдастырудың озық тәжірибесіне ие бола отырып, Самұрық-Энерго жасыл облигацияларының дебюттік шығарылымын орналастыру арқылы қазақстандық борыштық нарықта ESG қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған жаңа құралдарды дамыту мүмкіндігіне ие болғанына қуанышты. Біз ESG облигациялары мен жасыл облигациялар нарығының көлемі, атап айтқанда Қазақстанда, эмитенттер мен инвесторлар арасында ESG және Green-метрикалармен байланысты тұрақты даму практикаларын енгізуді ынталандыру және мақсаттарды орнату аясында өсуді жалғастырады деп күтеміз», – деп пікірін білдірді.

Жасыл қаржы орталығының бас директоры Айдар Қазыбаев:

«Бұл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өзінің тұрақты дамудың қозғаушы күші ретіндегі маңыздылығын сезіне отырып,өндірістік саладағы алғашқы қазақстандық эмитент жасыл рельстерге шыққан маңызды оқиға.  Тұрақты қаржыландыру құралдарын белсенді пайдалану және тұрақты бағалы қағаздардың жергілікті нарығын ұлғайту, жалпы алғанда, жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты тұрақты дамудың қаржы құралдарын енгізетін даму институты ретіндегі біздің жұмысымыздың басты көрсеткіші болып табылады», – деп атап өтті.

Анықтама:

AIX биржасы 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. AIX акционерлері – АХҚО, Goldman Sachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы қоры және NASDAQ, ол сондай-ақ AIX сауда платформасын ұсынады. Биржа өз қызметін ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жүзеге асырады, сол арқылы инвестициялық қызметті жүргізудің сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыруды тарту үшін нақты және қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Бір белдеу – бір жол» бастамасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Қосымша мәліметтер www.aix.kz сайтында қол жетімді.

Анықтама:

 «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» ұлттық бағдарламасы аясында құрылды. Орталықтың 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясы АХҚО басқару жөніндегі кеңеспен 2020 жылғы 2 тамызда өткен кеңестің отырысында мақұлданды. Стратегияға сәйкес, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропаны қамтитын өңірдегі жетекші қаржы орталығы ретінде қалыптасуы керек. АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты және ұзақ мерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей: «АХҚО бірегей мүмкіндіктерге ие бола отырып, өңір елдерін біріктіретін әмбебап платформа ретінде әрекет ете алады». АХҚО-ның орнықты дамуының стратегиялық бағыттары көп айналымды экономиканы, қаржылық технологияларды, сондай-ақ «цифрлық қаржы орталығын» дамытуды қамтиды.  https://aifc.kz/