«Фридом Финанс» биржалық ноталары АІХ-те ораластырылды

24 Желтоқсан 2020

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») және «Фридом Финанс» АҚ Бастапқы орналастырулар қорының көрсеткіштеріне («Fund of Initial Public Offerings») байланыстырылған Freedom Finance IPO Fund Exchange Traded Notes жаңа биржалық ноталарының (“ETN”, “Ноталар”) листингі туралы хабарлайды. Ноталарды активтері Fund of Initial Public Offerings қаржылық құралдардың жабық үлеспұлдық инвестициялық қорындағы үлеспұлдардан және ақшалай қаражаттың біршама бөлігінен тұратын арнайы мақсаттағы компания – Fund of Initial Public Offerings SPC Limited («SPC») шығарды.

АІХ-тегі сауда-саттық барысында «Фридом Финанс» SPC үшін инвестициялық кеңесші және маркетмейкер ретінде болып, нарықтағы өтімділікті қамтамасыз етеді.

AIX Басқармасының төрағасы Тим Беннетт былай деп түсіндірді:

«Біз «Фридом Финанс» ETN листингін ризашылықпен қарсы аламыз, өйткені бұл қазақстандық инвесторлар үшін жаңа инвестициялық мүмкіндіктер ашады».

«Фридом Финанс» АҚ Басқармасының төрағасы Сергей Лукьянов былай деп атап өтті:

«Біз АІХ «Бастапқы орналастырулар қорының» қағаздары саудаланып отырған осымен төртінші алаң болып табылатынын хабарлауға қуаныштымыз. Бұл біздің қорымыздың қатысуын кеңейтеді. Инвесторлардың сауда үшін мүмкіндіктері мен құралдарының көбірек болуы үшін біз АІХ-ке кезекті бөлшек сауда өінімін шығарудамыз. Біз осы құралдың АІХ-тегі листингі Қазақстанның қор нарығының дамуына ықпал етеді деп сенеміз».

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасы да болып табылатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын жалпы құқығының юрисдикциясындағы нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді, осы арқылы инвестициялық ортаның сенімділігін қамтамасыз етеді. AIX миссиясы – жеке және мемлекеттік бизнес үшін қаржыландыру тартудың айқын және жайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамытуAIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді дамытады, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырады. Анағұрлым толығырақ ақпарат сілтеме бойынша қолжетімді: www.aix.kz

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады. АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді». www.aifc.kz