Қазақстандық институционалдық инвесторлар AIX-те бағалы қағаздарды теңгемен сатып алу мүмкіндігіне ие болды

07 Желтоқсан 2020

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазақстандық институционалдық инвесторлар AIX алаңында сатылатын және теңгемен көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алуы және иелік етуі үшін нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістердің мақұлданғанын хабарлайды, бұл басқа сауда алаңдарында сатып алынғанмен бірдей пруденциялық талаптарға сай келеді.  

Бұдан былай қаржылық ұйымдар (банктер, сақтандыру ұйымдары, инвестициялық қорлар, брокерлік ұйымдар) қазақстандық компаниялардың AIX-тегі сауда-саттыққа жіберілген және теңгемен көрсетілген акциялары мен басқа да бағалы қағаздарын сатып алуға құқылы болады. Өзгерістер енгізілгенге дейін институционалдық инвесторлар AIX-те тек шетелдік валютада көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алуға құқылы болатын.

AIX басқарма төрағасы Тим Беннетт былай деп түсініктеме берді:

«Бағалы қағаздар нарығын дамыту және интегрциялау – ел экономикасының тұрақты дамуының маңызды шарты. Біз қазақстандық институционалдық инвесторлар өз активтер портфелін AIX-те листингтелген компаниялардың акцияларымен толықтыра алу мүмкіндігіне ие болғанына қуаныштымыз. Қазақстанның «ұлттық чемпиондарына» инвестициялау, әлбетте, бизнестің өсуіне ықпал ететін болады, сонымен қатар Қазақстанның қор нарығы мен жалпы экономикасының дамуына оң әсер етеді».

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасы да болып табылатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын жалпы құқығының юрисдикциясындағы нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді, осы арқылы инвестициялаудың сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы – жеке және мемлекеттік бизнес үшін қаржыландыру тартудың айқын және жайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді дамытады, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырады. Анағұрлым толығырақ ақпарат сілтеме бойынша қолжетімді: www.aix.kz

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады. АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді». www.aifc.kz