Жасыл қаржылар

Компания туралы

Жасыл қаржылар

2020 жылғы тамызда Қазақстанда алғаш рет «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының «жасыл» облигациялары БҰҰ ДБ-мен жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялау тәуекелдерін төмендету жөніндегі келісім шеңберінде орналастырылды. Айналыс мерзімі 36 ай болатын 200 млн теңге сомасына  «жасыл» купондық облигациялар.

Мұндай облигацияларды орналастырудың мақсаты-жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыратын қазақстандық кәсіпорындарға кредит беру. Бұл бүкіл әлемде белсенді дамып келе жатқан бағыт және біз «жасыл» қаржы Қазақстанда да өзінің тиімділігін көрсетеді деп үміттенеміз. «Жасыл» жобаларға ғана маманданған халықаралық инвестициялық қорлардың саны жыл сайын артып келеді және біз олардың еліміздің бизнесіне инвестиция салуға мүмкіндігі болатынына қуаныштымыз.