Ислам қаржылары

Компания туралы

Ислам қаржылары

«Астана» халықаралық қаржы орталығы қызметінің бағыттарының бірі ислам қаржысын дамыту болып табылады, бұл облигацияларға да (сукуктарға да), түрлі жобаларды қаржыландыру үшін жеке орналастыруға да қатысты.

Желтоқсанда АІХ Ислам Даму Банкі (ИДБ) сукуктерінің үш шығарылымының крос-листингі туралы хабарлады.  АІХ-тің ресми тізімі табысы тиянақталған, әрқайсысының өтеу мерзімі 5 жыл, тиісінше 1 млрд еуро (жасыл сукук), 1,5 АҚШ доллары (тұрақты сукук) және 2 млрд АҚШ доллары (дәстүрлі сукук) сомаларының үш шығарылымымен толықты.

«Біз ИДБ 3 сукугінің әлеуметтік-түрлендіруші инвестициялар іс-тәжірибесін дамытуға, COVID-19  салдарын жұмсарту бойынша бастамаларды қолдауға және Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған АІХ-тегі листингін қуана қошеметтейміз. Біз ИДБ-ның қатысушы мемлекеттерін АХҚО платформасын толық пайдалануға шақырамыз және АІХ сукук листингі үшін жетекші платформалар қатарына енетін болады деп сенеміз»,- деп мәлімдеді «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы (ИДБ-ның Қазақстан атынан басқарушысы) д-р Қайрат Келімбетов.

2020 жылдың наурызында AIX ресми тізіміне исламдық қаржыландыру талаптарына сәйкес келетін Qatar International Islamic Bank (Катар Халықаралық Ислам банкі (QIIB) шығарған сукук қарыздық құралы енгізілді.

Сукуктардың QIIB-та бастапқы орналастыруы Лондон қор биржасында (LSE) $500 млн сомасына жыл сайынғы тіркелген купонмен жылдық 4,264% мөлшерінде жүзеге асырылды.