Бөлшек сауда инвесторлар нарығын дамыту

Компания туралы

Бөлшек сауда инвесторлар нарығын дамыту

AIX-тің міндеті – бөлшек инвесторлардың аудиториясын кеңейту, бағалы қағаздарға инвестициялауды қол жетімді ету, биржадағы инвестицияларды депозиттер мен жылжымайтын мүлікке жақсы балама ретінде түсіну. AIX орташа статистикалық қазақстандық үшін қолжетімді болатын қаржы өнімдерінің кең ассортиментін жасау бойынша жұмыс істейді.

АІХ жергілікті бөлшек сауда инвесторларына инвестициялық мүмкіндіктердің анағұрлым кеңірек спектрін ұсыну мақсатында төрт жаңа биржалық нота (ETN) шығарды. Қазіргі уақытта АІХ-те 9 ETN саудаланады, олар АҚШ-тың табыстылығы жоғары корпоративтік облигациялары мен дивидендтері жоғары компаниялар сияқты әртүрлі биржалық бенчмарктерді қадағалайды. Олардың бәрі тек брокерлер арқылы ана емес, сол сияқты Tabys мобильді қосымшасы арқылы да саудалана алады. Tabys қосымшасы қор нарығымен әлі де таныса қоймаған бөлшек сауда инвесторларын тарту үшін әзірленген және оларға өздерінің қаржылық келешегіне инвестициялауға көмектеседі.

 «BCC Invest» АҚ-пен бірлестікте АІХ отандық аса ірі интервалдық үлеспұлдық инвестициялық қорлардың бірі  «ЦентрКредит — Валюталық» қорының қызметімен байланысты BCC Global Exchange Traded Notes биржалық ноталарын орналастырды

2020 жылғы желтоқсанда жаңа биржалық ноталарды –  Бастапқы орналастырулар қорына байланыстырылған Freedom Finance IPO Fund Exchange Traded Notes ноталарын орналастыру өтті. АІХ-тегі сауда-саттықтың барысында «Фридом Финанс» бұл ноталардың нарықтағы өтімділігін қамтамасыз ете отырып, маркетмейкер ретінде болады.

ETN туралы толығырақ мына сілтемеде