Тау-кен сегменті

Компания туралы

Тау-кен сегменті

2019 жылы AIX тау-кен компанияларының қаржыландыруын тарту ережелерін бекітті. Олар Торонто мен Австралия қор биржасында тау-кен кәсіпорындарының листингінде қолданылатын стандарттарға негізделген. Қағидаларда дамудың озық сатыларында (1-деңгей) ірі тау-кен компанияларын және тәуекелдің неғұрлым жоғары дәрежесі мен әлеуетті неғұрлым жоғары табыстылығы (2-деңгей) тән юниорлық компанияларды бөлетін сараланған тәсіл қолданылды. Компанияларға қойылатын негізгі талап-оларда құзыретті тұлғаның геологиялық жұмыстар мен минералдық қорлардың нәтижелері туралы есебінің болуы.

Берілген деңгейге байланысты тау-кен компаниялары листинг бойынша бірқатар талаптардан босатылады, мысалы, таза пайданың болуы және шығарылатын акциялардың минималды нарықтық капиталдандырылуы. Бұл ретте эмитенттер білікті менеджмент пен техникалық персоналдың болуын, сондай-ақ тау-кен саласының озық халықаралық стандарттарына сәйкес тәуелсіз сарапшылар растаған геологиялық есептілікті көрсетуге міндетті болады.

Тау-кен сегментінің ережесін мына жерден жүктеп алуға болады

Табиғи жағдайлар Қазақстанның тау-кен секторына капиталды тартуға ықпал етеді:

  • Табиғи кен орындарының байлығы
  • Барланған қорлардағы және уран, мырыш, вольфрам, барий, күміс, қорғасын, хромит, мыс, флюорит, молибден өндірісіндегі жетекші позициялар
  • Табиғи ресурстарға бай елдерге (Ресей, Моңғолия, Өзбекстан) және инвесторлар тау-кен секторына шоғырланған елдерге (Ресей, Қытай) географиялық жақындығы)
  • Қазақстанда тау-кен секторын дамыту үшін қолайлы реттеуші орта құрылды
  • «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» жаңа кодекс Австралияның тәжірибесіне негізделген
  • Лицензия алу мерзімі 10 күнге дейін қысқартылды
  • 2 жыл ішінде 600-ден астам лицензия берілді
  • Тау-кен секторына инвестициялар тарту екі әлемдік орталықта шоғырланған. Қазақстан мен AІХ Торонто мен Сидней арасындағы нишаны толтыра алады

Тау-кен сегментінің аясындағы листингке арналған негізгі талаптар

Талап

Ірі компаниялар

Юниорлар

Қаржылық есептілік

3 жылдық аудиттелген есептілік

2 жылдық аудиттелген есептілік (жаңадан паййда болған компанияларға қажет емес)

Қаржылық жағдайы

Листингтен кейін 18 ай ішінде мәлімделген жұмыс бағдарламасын орындау үшін жеткілікті

Листингтен кейін 12 ай ішінде мәлімделген жұмыс бағдарламасын орындау үшін жеткілікті

Минималды нарықтық капитализация

1 млн АҚШ долларынан

Геологиялық есептілік

JORC немесе NI 43-101

Дәлелденген қорлардың немесе өлшенген ресурстардың болуы

JORC, NI 43-101 немесе KAZRC

Персонал және инфрақұрылым

Компания мен саланың қызметіне сәйкес келетін менеджмент пен директорлардың тиісті тәжірибесі мен техникалық сараптамасы, сондай-ақ жария компаниялардағы тиісті тәжірибе. Тиісті біліктілігі бар техникалық персонал мен сарапшылардың, сондай-ақ қажетті инфрақұрылымның болуы

Талаптарды сақтау

Тау-кен лицензияларының, елеулі келісімшарттардың және қолданылатын заңнаманың талаптарын сақтау

Тау-кен брошюрасы

Тарифтарды мына жерден көруге болады

Байланыс

markets@aix.kz