Директорлар кеңесі

Компания туралы

Директорлар кеңесі

Нұрлан Құсайынов

Директорлар кеңесінің төрағасы

Құсайынов мырза АХҚО-ға келерден бұрын екі жыл бойы Қазақстанның Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары қызметін атқарды, Қазақстанның Даму Банкін басқарды, Al Falah Partners тікелей инвестициялар қорында Басқарушы серіктес ретінде жұмыс істеді, «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ-ны басқарды, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі, Женева қаласындағы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселелері бойынша ҚР Индустрия және сауда министрлігінің арнайы тобының жетекшісі болды.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын және Стенфорд бизнес мектебін бітірді.

Лю Шаотун

Директор

Шаотун мырза Партия комитетінің мүшесі және Шанхай қор биржасының атқарушы вице-президенті болып табылады.

Орталық қаржы және экономика университетінің Қаржы факультетінің Экономика магистрі, сонымен қатар Жэньминь университетінің Құқық бакалавры дәрежесі бар. Чикаго университетінде қоғамдық саясат саласында оқудан өтті.

Джанет Хекман

Тәуелсіз директор

Джанет Хекман Еуропа қайта құру және даму банкінде (ЕҚДБ) 2017 жылғы ақпаннан бастап 2019 жылғы желтоқсан аралығында Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізі өңірі (ОШЖТ) бойынша басқарушы директор лауазымын атқарды.Ол Каирде жұмыс істеді, сонымен қатар ЕҚДБ-ның Египет жөніндегі директоры болды.
Хекман ханым ЕҚДБ-да жұмыс істеуді Citi-ден кейін 2012 жылғы шілдеде, Алматыда, Қазақстан жөніндегі директор болып бастады. 2019 жылы Джанет Air Astana Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры болып тағайындалды. Өзінің Citi-дегі ұзақ қызмет атқаруы кезеңінде ол Еуропа, Таяу Шығыс және Африка (ЕТША) елдері жөніндегі корпоративтік және инвестициялық секторда басқарушы директор лауазымын және ЕТША өңіріндегі жергілікті бөлімшелерде бірқатар функцияларды атқарды, сонымен қатар Орталық Еуропа, Таяу Шығыс және Африка (ОЕТША) елдерінде жаһандық банк қарым-қатынастары үшін жауапты болды.
Хекман ханымның Колумбия округі, Вашингтондағы Джорджтаун университетінің дипломатиялық қызмет бойынша үздік дипломы мен магистр дәрежесі және Огайо штатындағы Кеньон-колледждің тарих бакалавры дәрежесі бар. Сонымен қатар Ливанда, Бейруттың Америкалық университетінде оқыған.

Мартин Джозеф (Чип) Демпси III

Тәуелсіз директор

Чип қазіргі уақытта Директорлар кеңесінің мүшесі және кеңесші ретінде жұмыс істейді (қазіргі уақытта AIX және Weild & Co. (тәуелсіз инвестициялық банкирлер үшін сәйкестік платформасы) компанияларында Директор). Бұрын ол OCC (Options Clearing Corporation) компаниясының Бас коммерциялық директоры, Morgan Stanley стратегиялық инвестициялар тобының атқарушы директоры болды, бұл топ фирманың атынан қаржы технологияларына және нарықтың жаңа құрылымдарына инвестициялады.

Демпси мырза Бостон колледжінде философия және экономика саласындағы өнер бакалавры дәрежесін алды.

Джеймс Мартин

Директор

Джеймс Мартин – АХҚО Business Connect бас директоры және АХҚО Басқарушылар кеңесінде инвестициялар жөніндегі бас директор. Мартин мырза АХҚО-ға бас директордың орынбасары ретінде 2019 жылғы маусымда келді, ал одан бұрын 15 жыл Еуропада және Таяу Шығыста Nasdaq-та жұмыс істеген және бизнесті дамыту, сатулар және консультация берумен айналысқан. Бұған дейін ол Лондонда және АҚШ-та қаржы секторында, активтерді басқару, бағалы қағаздармен кредиттеу және кастодиалдық банк қызметтерін көрсету салаларында жұмыс атқарған.

Джонатан С. Истон

Тәуелсіз директор

Истин мырза халықаралық қаржы және активтерді басқару жөніндегі атқарушы директор болып табылады. Бұрын ол «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарма төрағасының кеңесшісі, активтерді басқару жөніндегі компаниялардың негізін қалаушы, стартаптар саласында консультация берді, AMP Asset Management (қазіргі уақытта Janus Henderson Investors) және Schroders қоса алғанда, ірі ұйымдардағы активтер портфелін аға басқарушы болып жұмыс істеді.

Истон мырза Математика және статистика саласындағы бакалавр (үздік) дәрежесіне, Беркли Калифорния университетінің қаржылық инжиниринг саласындағы магистр дәрежесіне және Стэнфорд университетінің Жоғары бизнес мектебінің Басқару магистрі дәрежесіне ие. EDHEC бизнес мектебінің / EDHEC тәуекел институтының ғылым докторы дәрежесі бар, факультеттің және Актуарийлер институтының және Калифорниялық бухгалтерлер қоғамының мүшесі, баламалы инвестициялар бойынша сертификатталған талдаушы және Ұлыбританияның CFA қоғамының білікті мүшесі болып табылады.

Тимоти Беннетт

AIX басқармасының төрағасы

2018 жылдың мамырында AIX Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін Тимоти Беннетт Жаңа Зеландия қор биржасының (NZX) басқарма төрағасы, бағалы қағаздар нарығы мен дериватиттер нарығының лицензияланған операторы болды. Ол Биржаның сауда және клирингтік жүйелерін ауыстыру мен жаңғыртуды, сондай-ақ Жаңа Зеландия қор биржасының Басқарушы қоры арқылы 23 биржалық инвестициялық қорды іске қосуды қоса алғанда, елеулі ұйымдық және нормативтік өзгерістер кезеңінде NZX басқарды.

NZX алаңындағы жұмыс кезінде Жаңа Зеландия үкіметі капитал нарығы елдің экономикалық өсуінің негізгі қозғаушы күшіне айналуы үшін бірқатар мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендірді. NZX-ке келгенге дейін Тимоти Беннет Азиядағы Oliver Wyman және Boston Consulting Group компанияларында серіктес болды. Оның консалтингтегі тәжірибесі Азия, Таяу Шығыс сияқты елдер мен олардың биржалары үшін стратегияларды әзірлеу мен капитал нарығын дамытуды, сондай-ақ деривативтер саудасына арналған нарықтарды, бірінші кезекте, темір рудасы нарығын дамытуды қамтиды.

Пенсильвания Университетінің Уортон мектебінің іскерлік әкімшілендіру магистрі және Веллингтондағы Виктория Королева университетінің сауда және әкімшілендіру саласындағы бакалавр дәрежесі бар.