Басқарма

Компания туралы

Басқарма

Тимоти Беннетт

Басқарма төрағасы

2018 жылдың мамырында АХҚО Биржасының Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін Тимоти Беннетт Жаңа Зеландия қор биржасының (NZX) басқарма төрағасы, бағалы қағаздар нарығы мен дериватиттер нарығының лицензияланған операторы болды. Ол Биржаның сауда және клирингтік жүйелерін ауыстыру мен жаңғыртуды, сондай-ақ Жаңа Зеландия қор биржасының Басқарушы қоры арқылы 23 биржалық инвестициялық қорды іске қосуды қоса алғанда, елеулі ұйымдық және нормативтік өзгерістер кезеңінде NZX басқарды.

NZX алаңындағы жұмыс кезінде Жаңа Зеландия үкіметі капитал нарығы елдің экономикалық өсуінің негізгі қозғаушы күшіне айналуы үшін бірқатар мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендірді. NZX-ке келгенге дейін Тимоти Беннет Азиядағы Oliver Wyman және Boston Consulting Group компанияларында серіктес болды. Оның консалтингтегі тәжірибесі Азия, Таяу Шығыс сияқты елдер мен олардың биржалары үшін стратегияларды әзірлеу мен капитал нарығын дамытуды, сондай-ақ деривативтер саудасына арналған нарықтарды, бірінші кезекте, темір рудасы нарығын дамытуды қамтиды.

Пенсильвания Университетінің Уортон мектебінің іскерлік әкімшілендіру магистрі және Веллингтондағы Виктория Королева университетінің сауда және әкімшілендіру саласындағы бакалавр дәрежесі бар.

Сэм Уон

Басқарма төрағасының орынбасары

Сэм Уон AIX Басқарма төрағасының орынбасары болып табылады. Уон мырза «Белдеу және Жол» бастамасын дамыту және AIX қызметі шеңберінде Қытай нарығын дамыту бойынша бағытқа жетекшілік етеді.

АХҚО Биржасына келгенге дейін Уон мырза «Белдеу және Жол» бастамашылығымен байланысты халықаралық ынтымақтастық және акциялар нарығында халықаралық ілгерілуге жауап беретін Шанхай қор биржасының (SSE) бизнесті жаһандық дамыту департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. Уон мырза сондай-ақ SSE-дегі деривативтер жөніндегі департамент директорының орынбасары болып жұмыс істеді, ол нарықты ілгерілетуге, маркет-мейкерлерді басқаруға, нарыққа қатысушыларды басқаруға және құрлықтық Қытайдағы қор нарығындағы акцияларға опциондар арасында бірінші орынға ие SSE 50 ETF опциондары бойынша мәмілелермен операцияларды басқаруға жауап берді.

Уон мырза Нанкин университетін бітірді, онда ол ғылым бакалавры және менеджмент магистрі дәрежесін алды. Ол сондай-ақ Кембридж университетінің MBA дәрежесіне ие. 2012 жылдан бастап сертификатталған қаржылық талдаушы дәрежесі бар (CFA Charter Holder).

Тимур Абушкин

Қаржы нарықтарын дамыту жөніндегі басшы

Тимур Абушкинның инвестициялық банктермен, биржалармен және қаржы-стартаптармен 15 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. АХҚО биржасына келгенге дейін Тимур Tokenomica – Сингапурдағы цифрлық активтерді шығару жөніндегі платформаны және Xena Exchange – Лондондағы цифрлық активтердің инновациялық биржасы сияқты бірқатар финтех-стартаптарда басшылық лауазымдарды атқарған.

Бұған дейін ол JP Morgan компаниясында Ресей мен ТМД елдеріндегі акциялар саудасы жөніндегі вице-президент, сондай-ақ РТС (кейін МБВБ-мен қосылу нәтижесінде Мәскеу биржасы) Қор биржасы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

Абушкин мырза еңбек жолын Ресей Федерациясының Қаржы министрлігінде бастаған, онда қарыз саясатын әзірлеуге қатысқан, 2005 және 2006 жылдары Париж клубына мүше елдер алдындағы 40 млрд доллар көлеміндегі мемлекеттік сыртқы берешекті мерзімінен бұрын өтеуге тікелей қатысқан, сондай-ақ ресейлік кредиттік рейтингті беру және қолдау бойынша халықаралық рейтингтік агенттіктердің жұмысын үйлестірумен айналысқан.

Тимур Абушкин Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің түлегі.

Ренат Бектұров

Қаржы жөніндегі басқарушы директор

Ренат Бектұров қаржылық қызмет көрсету саласында 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар, АХҚО Әкімшілігінің активтерді басқаруды дамыту бөлімін басқарды, Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясында Қазынашылықты басқарды.

Бектұров мырза сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкінде жұмыс істеді және ТМД аймағындағы сукук алғашқы шығарылымы сияқты борыштық капитал нарығындағы бірқатар маңызды мәмілелерге қатысты.

Ренат Лестер университетін үздік бітіріп, банк ісі және қаржы саласында магистр дәрежесін иеленді, сондай-ақ сертификатталған қаржы анадәрежесіне ие (CFA Charter Holder).

Арман Тастанбеков

Құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор

Тастанбеков мырза капитал нарықтары, M&A, мұнай-газ және тау-кен өнеркәсібі саласында мол жұмыс тәжірибесі бар заңгер болып табылады.

17 жылдан астам ол белгілі халықаралық заң фирмаларында кіші серіктес және серіктес ретінде және FTSE100 компаниясы үшін бас заң кеңесшісі ретінде жұмыс істеді.

Арманның Қазақ мемлекеттік заң университетінің бакалавр дәрежесі (үздік) және Вашингтон заң колледжінің (Вашингтон, Колумбия округі, АҚШ) Құқық магистрі дәрежесі бар. Оның Қазақстанда және АҚШ, Нью-Йорк штатында Заң практикасын жүргізуге құқығы бар.

Валерий Цой

Ақпараттық технологиялар жөніндегі басқарушы директор

Валерий-банк, FinTech, инновациялық IT-шешімдер және жалпы қаржы индустриясы саласында үлкен жұмыс тәжірибесі бар IT-менеджер.

Оның көптеген Еуропа елдерінде, сондай-ақ Қытай мен Қазақстанда белгілі халықаралық банктік және қаржылық компанияларда IT саласында кешенді шешімдер әзірлеу және IT басқару саласында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.

Қытайда қаржы компаниясының бас операциялық директоры және серіктесі бола отырып, жасанды интеллект пен деректердің үлкен жиынтығы негізінде операциялық тәуекелді басқару үшін инновациялық қаржылық IT-шешімдерді табысты енгізді.

Цой мырза CBRC (Қытайда банк қызметін реттеу жөніндегі комиссия) тарапынан атқарушы комитеттің мүшесі ретінде және NBK тарапынан Банк басқармасының мүшесі ретінде бекітілді.

Валерий Украина Мемлекеттік химия-технологиялық университетінің магистр дәрежесіне ие.

Оливье Гэрис

Операциялық мәселелер жөніндегі басқарушы директор

Оливье Гэрис биржалық индустрияда жиырма бес жылдан астам халықаралық жұмыс тәжірибесі бар, С деңгейдегі операциялар және тәуекелдерді басқару жөніндегі басшы болып табылады.

Осы уақыт ішінде Frontier (жоғары тәуекелді, тұрақсыз нарық) санатынан MSCI, FTSE және S&Р индекстерінде Emerging ( дамушы нарық) санатына көшкен Катар қор биржасының бас операциялық директоры ретінде еңбек еткен жеті жылдан кейін Гэрис мырза Қазақстанға келді, мұнда ол бастапқыда өңірлік қаржы орталығы ретінде AIX құру мәселелері бойынша АХҚО-ға консультация берді.

АХҚОб Биржасында және Катар қор биржасында жұмыс істегенге дейін Оливье Гэрис Turquoise MTF, Бостон опциондар биржасында (BOX), Австралиялық деривативтер биржасында (ADX) және Euronext Paris құрамында басшылық қызметтерін атқарды.

Гэрис мырза Пантеон Ассас университетінің (Париж II) құқық бакалавры дәрежесіне ие.