Astana International Exchange (AIX)
Astana International Exchange (AIX) 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX миссиясы – жергілікті және шетелдік инвесторларды тарту үшін түсінікті және тиімді жағдайларды қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және Орталық Азия өңірінде капиталдың белсенді нарығын дамыту, сондай-ақ жеке бизнес пен жалпы экономиканың өсуін қаржыландыруға арналған платформа құру.
AIX ағылшын құқығының юрисдикциясындағы халықаралық инвесторларға таныс нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді. Биржа 20-дан астам жергілікті және халықаралық сауда мүшесі кіретін дамыған экожүйенің арқасында инвестицияларға қолжетімді сенімді және қауіпсіз сауда инфрақұрылымын ұсынады.
AIX акционерлері – АХҚО, Goldman Sachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ биржасы.