AIX және Назарбаев Университеті тау-кен және қаржы саласындағы ынтымақтастық мақсатында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

15 Шілде 2021

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») AIX және Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі (НУ ЖБМ) мен Тау-кен ісі және геоғылымдар мектебі (НУ ТКМ) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Тараптар тау-кен өнеркәсіп активтері туралы базасын  және әлеуетті эмитенттер үшін листинг критерийлерін құру арқылы шағын және орта көлемдегі тау-кен компаниялары листингін АIX-те ілгерілету мақсатында ынтымақтасуға ниетті.

Бұдан басқа, НУ ЖБМ базасында нақты уақыт режимінде нарықтардағы процестерді визуалдайтын және нарықтық деректер терминалдарын қосу мүмкіндігі бар оқытуға арналған сауда платформасын әзірлеу көзделіп отыр.

AIX және НУ студенттері университеттік орта үшін де, сонымен қатар AIX үшін де өзекті болатын мәселелер, яғни шектес капитал нарықтары, құнды қағаздар құру, шикізат нарықтары, нарықтың өтімділігі және орнықты даму сияқты әртүрлі бағыттарды қамтитын  бірлескен зерттеулер жүргізеді. Сондай-ақ студенттердің магистр дәрежесін алу бойынша дипломдық жұмыстары үшін ақпараттық қолдау алу және AIX-те тағылымдамадан өті бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі болады.

AIX төрағасы Ренат Бектұров былай деп мәлімдеді:

«Қазақстандағы екі прогрессивтік ұйым құрған бизнес пен ғылым арасындағы бұл ынтымақтастық ел үшін инновация көзі ретінде елеулі пайда әкелуі мүмкін. Бірлескен жұмыс сала үшін пайдалы деректер құруда, жаңа өнімдер әзірлеу мен қолданбалы зерттеулер жүргізуде екі тараптың интеллектуалдық әлеуетін пайдалануға мүмкіндік береді».

Профессор, доктор Патрик Дюпарк, Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің деканы былай деп атап өтті:

«Назарбаев Университеті Astana International Exchange компаниясымен әріптестік қарым-қатынас орнатып, ынтымақтасып жатқанына өте қуанышты. Қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум НУ түрлі мектептеріне AIX-пен бірге нарықтарға қол жеткізе отырып, университеттің ноу-хауын біріктіретін жобалар, AIX генерациялайтын аналитикалық мәліметтер мен деректер бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік береді». 

Анықтама:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX үшін сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік орта шеңберінде жұмыс істейді, бұл инвестициялаудың сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік компанияларға қаржыландыру тарту үшін айқын және қолайлы жағдайлар ұсыну жолымен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамытуда болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Қосымша ақпарат: www.aix.kz сайтында қолжетімді.

Анықтама:

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған.Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясын АХҚО Басқару кеңесі 2020 жылғы 2 шілдеде өткен отырысында мақұлдаған..Стратегияға сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады. АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бола алады». АХҚО-ның орнықты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді. https://aifc.kz/