AIX-те ресейлік 40 ірі компанияларының акцияларына инвестиция құюға мүмкіндік беретін ETF листингтелді

26 Қыркүйек 2019

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») 2019 жылғы 24 қыркүйекте ITI Funds RTS Equity UCITS ETF SICAV («ITI Funds ETF») бағалы қағаздары AIX-тің ресми листингіне енгізілгені туралы хабарлайды. ETF юниттері АҚШ долларындағы баға белгілеумен және осы валютада есеп айырысумен RUSE тикерімен саудаланатын және LSE (London Stock Exchange), MOEX (Moscow Exchange) және AIX арасында толығымен айырбасталатын болады. AIX-те юниттермен сауда-саттық 2019 жылғы 26 қыркүйекте басталды.

ITI Funds RUSE ресейлік нарықта ең көне индекс – РТС индексінің динамикасын көрсетеді. Қор Мәскеу биржасында саудаға түсетін 40 компанияның акциясына инвестиция құяды және 12 салаға әртараптандырылған қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Қор Люксембургте тіркелген және UCITS V қағидаларына сай келеді. Индекстің нақты репликациясы пайдаланылады. Дивидендтер жыл сайын төленеді.

AIX Басқарма төрағасы Тим Беннетт былай деп атап өтті:

«Біз өзіміздің бөлшек сауда инвесторларымызға арналған қаржыл құралдарының түрлерін кеңейтуді жалғастырудамыз және бүгін күні олар инвестицияның тағы бір нұсқасына қол жеткізіп отыр. Биржалық қорлардың көптеген артықшылықтары бар, егер оларды дұрыс пайдаланатын болсақ, олар  инвестициялық мақсаттарға қол жеткізу үшін тамаша құралға айналмақ».

ITI Funds Басқарушы директоры Глеб Яковлев былай деп мәлімдеді:

«Біз AIX-те тағы бір ETF-тің орналастырылғанына қуаныштымыз. Инвестор бір сәтте ресейлік 40 компанияның акцияларына қол жеткізе алады, бұл ретте комиссия небәрі жылдық 0,65% құрайды, ал кірудің ең төменгі шегі – 28 АҚШ доллары. Біздің қорларымыз – ETF RUSE және ETF RUSB – сенімді инвестициялық өнімдер болып табылады және олар әр инвестордың ұзақ мерзімді портфелдерінде өз орнын табуға тиіс деп санаймыз. Кез келген инвестор үшін қолжетімділіктен басқа, біздің қорлар өтімділікті, портфелдің ашықтығы мен төмен шығындарды ажыратып көрсетеді.  

Бұл AIX-те листингтелген ITI Funds екінші биржалық қоры. Биыл осыған дейін AIX-ке ресейлік еурооблигацияларға ITI Funds-тан ETF юниттері орналастырылған болатын. RUSB тикерімен ITI Funds Russia-focused USD Eurobond UCITS ETF SICAV.

Анықтама ретінде:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қражы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. AIX акционерлері АХҚО,  GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы,  Жібек жолы қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ болып табылады. Биржа осылайша, инвестициялау үшін сенімді шарттарды қамтамасыз ете отырып, жалпы ағылшын құқығының қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруға тарту үшін түсінікті әрі тиімді талаптарды ұсыну есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және Жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасы Бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылды. АХҚО құру туралы конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты – халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО міндеттері елдің экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды ортаны құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оны халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялауды қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

ITI Funds – бұл инвесторлар мен портфелді басқарушылардың мүдделерін біріктіретін қорлар платформасы. Компания қорларды жылдам құру және операциялық шығыстарды азайту үшін портфелдік басқарушы инфрақұрылым көрсетеді, сондай-ақ жеке және институционалдық инвесторлар үшін өнімдердің кең спектрін ұсынады. Қазіргі уақытта ITI Funds платформасында ETF дәстүрлі қорларын, тікелей инвестициялар қорларын, проблемалық активтер қоры мен криптовалютаның индекстік қорын қоса алғанда 10 астам қор жұмыс істейді. ITI Funds акционерлері Da Vinci Capital және Mantra Investment Partners басқаруындағы тікелей инвестициялар қорлары болып табылады. www.itifunds.com

ITI Funds RTS Equity UCITS ETF SICAV UCITS қоры (Undertaking for Collective Investment Scheme – ұжымдық инвестициялар құралы) болып табылады және нарықтық капиталдандыру және әртүрлі салалардағы ресейлік компаниялардың өтімділігі бойынша ең ірі компаниялардан құралатын РТС (Bloomberg ticker: RTSI$ Index),  индексінің кірістілігін қадағалайды. Индекс АҚШ долларында бағалы қағаздардың кірістілігін қадағалайды. ITI Funds RTS Equity UCITS ETF SICAV юниттері Лондон қор биржасында және Мәскеу қор биржасында АҚШ долларымен, евро және рубльмен сауда-саттыққа түсуде.

БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: [email protected]