AIX CSD алғаш рет бағалы қағаздарды қарызға алу операцияларын өткізді

15 Сәуір 2020

Astana International Exchange (AIX CSD) Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі AIX сауда-саттығына жіберілген және әр түрлі валютада көрсетілген бағалы қағаздардың екі түрін қарызға беру бойынша алғашқы мәмілелер жасалғандығы туралы хабарлайды. Операциялар GMSLA (Дүниежүзілік нарықта бағалы қағаздарды несиеге беру туралы Бас келісім) шарты негізінде бағалы қағаздарды қарызға алу бойынша мәмілелер жасауға уәкілеттік берілген нарықтың екі қатысушысы арасында жасалды. Бірінші мәміле екі апта ішінде сәтті аяқталды.

AIX CSD директоры Анна Колесниченко былай деп атап өтті:

«Бұл біздің биржамыздың дамуындағы айтулы кезең. Бағалы қағаздарды қарыз алудың тиімді режімінің болуы нарықтың өтімділігін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар оның қатысушылары мен инвесторлардың AIX инвестициялар салу үшін сенімді нарық екеніне деген сенімін нығайтады».

Бағалы қағаздарды қарыз алу мүмкіндігі қызмет атқарып отырған маркетмейкерлер үшін AIX реттеу және комплаенс департаментінен мақұлдағаннан кейін қолжетімді болады. Бағалы қағаздарды қарызға алу мәмілелер бойынша есеп айырысудың аяқталмай қалуын болдырмау үшін пайдаланылуы мүмкін. Бағалы қағаздарды несиеге беру және қарызға алу бойынша қатынастар (Дүниежүзілік нарықта бағалы қағаздарды несиеге беру туралы Бас келісім (GMSLA) немесе AIX үшін қолайлы кез келген басқа келісіммен реттеледі. Қолданыстағы GMSLA құрамына кіретін маркетмейкерлер уәкілетті кредитормен бірлесіп, қысқа сатылымдарды жабу мүмкіндігіне ие болады.

Бағалы қағаздарды несиеге беру және қарыз алуға қолданылатын реттеу режімі мен операциялық регламенттерге қатысты қосымша ақпаратты мына сілтемеден алуға болады: https://www.aix.kz/aix-market-notices/2019-12-11_01_market-notice-securities-lending-borrowing-eligibility-requirements-operational-procedures/

Бағалы қағаздарды несие беру мәмілелері туралы есептік деректер AIX веб-сайтында жарияланады.

Анықтама:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ    AIX акционерлері болып табылады. Биржа инвестициялаудың сенімді шарттарын қамтамасыз ете отырып, ағылшын жалпы құқық қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті әрі тиімді жағдайлар жасау есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту болып табылады. AIX «Белдеу және жол» бастамасы шеңберінде тау-кен компаниялары үшін, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобалар үшін арнайы сегменттерді дамытады. Толығырақ: www.aix.kz

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты – халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестицияларды тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: [email protected]