ARQA Technologies компаниясы ұсынған QUIK брокерлік сауда-саттық платформасы Astana International Exchange-де сертификаттаудан ойдағыдай өтті

09 Шілде 2020

Бұл – AIX сауда жүйесіне жаңа қатысушылардың қол жеткізуін оңайлатуға және екі компанияның клиенттік базасын кеңейтуге жәрдемдеседі.

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») ARQA Technologies ұсынған QUIK бағдарламалық кешені AIX-пен биржалық өзек ретінде пайдаланылатын NASDAQ сауда-саттық платформасымен ойдағыдай ықпалдастырылғанын қуана отырып хабарлайды. Мұндай ықпалдастыру AIX саудаларына қатысушыларға мәмілелер жасау үшін десктоптық, веб- және мобильді нұсқаларында қолжетімді QUIK клиенттік сауда-саттық терминалдарын пайдалануға, сондай-ақ өз клиенттеріне сауда-саттыққа қол жеткізуді ұсынуға мүмкіндік береді, бұл – Қазақстан мен Орталық Азияның қаржы нарығында олар үшін жаңа инвестициялық мүмкіншіліктерге жол ашады.

AIX қаржы нарықтарын дамыту жөніндегі басшысы Тимур Абушкин былай деп атап өтті:

«Біз өз клиенттеріміз үшін инвестициялық шешімдердің барынша кең ауқымына арналған тағы бір құралды қуана отырып ұсынамыз және Қазақстанның капитал нарықтарына инвесторлар тартуда ARQA Technologies-пен ынтымақтастығымыз жемісті болады деп үміттенеміз».

ARQA Technologies бизнесті дамыту жөніндегі директоры Владимир Курляндчик былай деп мәлімдеді:

«Бүгінгі таңда QUIK платформасы әлемнің барлық негізгі сауда-саттық алаңдарында қаржы ұйымдарының саудалық қол жеткізуін ұйымдастыру жөніндегі міндетті шешуге мүмкіндік береді. Біз Astana International Exchange-ге тікелей қол жеткізуге арналған QUIK сауда-саттық интерфейсінің әзірленгені туралы қуана отырып жариялаймыз, бұл – QUIK платформасының ағымдағы және келешек пайдаланушылары мен олардың ақырғы клиенттерінің қызығушылығын тудыратыны сөзсіз. NASDAQ биржалық өзегін қоса алғанда әртүрлі биржалық платформалармен жұмыс жасау жөніндегі біздің компаниямыздың сараптамасы мен AIX командасы көрсеткен жоғары деңгейдегі қолдаудың арқасында, бұл сауда-саттық интерфейсін әзірлеу және сертификаттау бірнеше айдың ішінде ойдағыдай аяқталды».

Анықтама:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ    AIX акционерлері болып табылады. Биржа инвестициялаудың сенімді шарттарын қамтамасыз ете отырып, ағылшын жалпы құқық қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті әрі тиімді жағдайлар жасау есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту болып табылады. AIX «Белдеу және жол» бастамасы шеңберінде тау-кен компаниялары үшін, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобалар үшін арнайы сегменттерді дамытады. Толығырақ: www.aix.kz

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты – халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестицияларды тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

ARQA Technologies бүкіл әлем бойынша клиенттік базасы бар тәуелсіз бағдарламалық жасақтама әзірлеуші. Компания қызметінің негізгі бағытықаржы нарықтарына қатысушылардың операцияларын автоматтандыруға арналған бағдарламалық өнімдерді әзірлеу, енгізу және қызмет көрсету. ARQA Technologies клиенттері арасында 300-ден астам қаржы институты, соның ішінде банктер, инвестициялық және басқарушы компаниялар және саудасаттық алаңдары бар. Компания өкілдіктері Новосибирск, Мәскеу және Лондон қалаларында ұйымдастырылған. www.arqatech.com

QUIKұйымдастырылған саудасаттық алаңдарында қаржы құралдарын саудалауға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін және трейдингтік десктерден бастап, жеке инвесторларға дейін пайдаланушылардың әртүрлі санаттарының мұқаждықтарына бағдарланған көптеген сервистік мүмкіндіктер мен саудасаттық операцияларының кірістірілген тәуекел менеджментін қоса алғанда, дамыған атқарымдылықты иемденетін брокерлік саудасатттық платформасы. QUIK әлемнің 30-дан астам биржалық және биржадан тыс сауда жүйелерімен жұмысты қолдап отырады, сондайақ әртүрлі технологиялық желілермен ықпалдастыру мүмкіндігін ұсынады.

БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: [email protected]