AIX жаңалықтары

Жаңалықтар

BI Group-тың еншілес компаниясы АІХ-те 3,5 млрд теңге сомасының облигацияларын сәтті орналастырды

23/11/2021

Қазақстандағы ең ірі құрылыс холдингтерінің бірі BI Group-тың еншілес компаниясы «Мегастрой ЛТД» ЖШС («Мегастрой») Astana International Exchange («AIX», «Биржа») биржасында 3 540 237 000  млрд теңге сомасының жылдық купондық облигацияларын 12 ай айналу мерзімімен және жылдық 15% сыйақы мөлшерлемесімен Биржада өткізілген букбилдинг арқылы орналастырды. Бір облигацияның номиналды құны – 1000 теңге. Шығарылымның лид менеджері «Jusan Invest» АҚ болды.

Бұл 2021 жылдың наурызындағы дебюттік орналастырудан кейін «Мегастройдың» АІХ-те 2021 жылғы шілдеде тіркелген 20 млрд теңге сомасының 9 жылдық борыштық құралдар бағдарламасы шеңберіндегі екінші траншық  

Анықтама:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа өз қызметін ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жүзеге асырады, осы арқылы инвестициялық қызметті жүргізудің сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы  жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Қосымша ақпарат www.aix.kz сайтында қолжетімді

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспары шеңберінде құрылды. 2020 жылғы 2 шілдеде ХҚК басқару кеңесінің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымдауы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропаны қамтитын өңірдегі жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуды білдіреді.

АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақ мерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде әрекет ете алады». https://aifc.kz/

BI Group аса ірі қазақстандық инновациялық құрылыс холдингі, Қазақстан және Өзбекстан нарықтарында жұмыс атқарады, құрылыс салушылардың әлемдік ENR TOP 250 GLOBAL CONTRACTORS рейтингіне кіреді. 26 жылдың ішінде компания сенімді құрылыс салушы беделіне ие болды,200 мыңнан аса азамат оның клиенттеріне айналды. Холдинг 6 млн шаршы метрден аса тұрғын жай салды, әлеуметтік, коммерциялық, өнеркәсіптік инфрақұрылым мен мұнай-газ инфрақұрылымының жүздеген объектілерін іске асырды. Өткен жылы BI Group Қазақстандағы алғашқы модульдік үй салу инновациялық зауытын іске қосты, оның арқасында  16 қабат тұрғын үйді таза өңдеумен салуға төрт ай қажет болады.