BI Group еншілес ұйымы АІХ-те 6.3 млрд теңге сомасының облигацияларын сәтті орналастырды

23 Шілде 2021

Қазақстандағы аса ірі құрылыс холдингтерінің бірі BI Group компаниясының еншілес ұйымы «Мегастрой ЛТД» ЖШС (“Мегастрой”) Astana International Exchange (“AIX”, “Биржа”) биржасында 20 млрд теңге сомасының Борыштық құралдар бағдарламасын («Бағдарлама») тіркеді. Аталған Бағдарламаның шеңберінде 6,3 млрд тенге сомасының айналу мерзімі 12 ай және сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15,5% құрайтын купондық облигацияларының бірінші траншының шығарылымы жүзеге асырылды. Шығарылымның лид менеджері «Jusan Invest» АҚ болды.

Бұл Мегастрой компаниясының қысқамерзімді борыштық құралдарды ағымдағы жылдың наурыз айындағы дебюттік шығарылымнан кейінгі екінші орналастыруы. Екі жағдайда да жазылым барысында сұраныс ұсыныстан асып түсті, бұл бөлшек және институционалды инвесторлардың қызығушылығын танытып отыр.

AIX басқармасының төрағасы Ренат Бектұров былай деп мәлімдеді:

«Қазақстандағы құрылыс секторына жататын компания облигацияларының кезекті рет сәтті орналастырылуы экономиканың нақты секторларындағы компаниялардың қор нарығындағы тарту әлеуетін растайды. Мұндай мысалдар биржалық нарықтағы мерзімдер, тиімділік пен қаржыландыру шарттары бизнес үшін анағұрлым тартымдырақ болып табылатынын және даму үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын көрсетеді».

BI Group басқарма төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары Алмас Лепесбаев былай деп атап өтті:

«Біздің биылғы көктемдегі алғашқы орналастыруымыз жеке инвесторлардың кең қызығушылығын тудырды және сол кезде бұл Қазақстандағы тұрғын үй құрылысы саласындағы ең ірі мәміле болды. BI Group 2021-2024 жылдар аралығындағы қаржылық стратегиясына қатысты қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін 20 миллиард теңге сомасындағы облигациялық бағдарламаны тіркеді. Осындай тағы бір жетістік компанияға тек жергілікті емес, сонымен қатар шетелдік қор биржаларына орналастыру мүмкіндігіне сенімділік береді».

«Jusan Invest» басқармасы төрағасының орынбасары Максим Кабанов былай деп түсініктеме берді:

“Дебюттік орналастыудан небәрі үш айдан соң алдыңғы мәміленің сәттілігін біздің қайталауымыздың және тіпті одан асып түсуіміздің орайы келді. Бұл мәміленің бірегейлігі оның ең талап қойғыш санат – бөлшек сауда инвесторларының сеніміне ие болғанында. Біз эмитентке және біздің клиенттерімізге осы орналастыруда қуана қолдау көрсеттік».

«Jusan Invest» корпоративтік қаржы департаментінің директоры Жанна Түлекова былай деп атап өтті:

“Біз осы мәмілені жүзеге асыру кезіндегі үйлесімді жұмыс үшін Биржадағы әріптестірімізге алғысымызды білдіреміз және эмитенттер мен инвесторлар тарапынан АІХ-ке қызығушылықтың елеулі түрде артқанын атап өткіміз келеді»

Анықтама:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX үшін сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа өз қызметін ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жүзеге асырады, осы арқылы инвестициялық қызметті жүргізудің сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік компанияларға қаржыландыру тарту үшін айқын және қолайлы жағдайларды ұқамтамасызету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Қосымша ақпарат www.aix.kz сайтында қолжетімді

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясын АХҚО Басқару кеңесі 2020 жылғы 2 шілдедеөткен отырысында мақұлдады. Стратегияға сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады. АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді». https://aifc.kz/

BI Group – Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарында ұсынылған аса ірі инновациялық құрылыс холдингі, ENR TOP 250 GLOBAL CONTRACTORS құрылыс салушылардың әлемдік рейтингісіне кіреді. 26 жыл ішінде компания сенімді құрылыс салушы ретінде беделге ие болды, 200 мыңнан астам азамат оның клиенттері атанды. Бүгінгі таңда Холдинг 6 млн шаршы метрден астам тұрғын үй, сондай-ақ жүздеген әлеуметтік, коммерциялық, өнеркәсіптік және мұнай-газ инфрақұрылымының объектілерін іске асырды. Өткен жылы BI Group Қазақстандағы алғашқы ModeX модульдік үй құрылысының инновациялық зауытын іске қосты, соның арқасында 16 қабатты таза әрленген тұрғын үйді тұрғызу үшін төрт ай қажет болады.