Kaspi.kz АІХ-тің ресми тізіміне қосылды

22 Қазан 2020

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») Kaspi.kz қазақстандық жетекші финтех- компаниясының жаһандық депозитарлық қолхаттары (ЖДҚ) 2020 жылғы 15 қазанда АІХ-тің ресми тізіміне қосылғандығын және 2020 жылғы 22 қазанда сауда-саттыққа жіберілгендігін қуана хабарлайды.

Лондон қор биржасы мен АІХ-те бастапқы орналастырудың (ІРО) қорытындысы бойынша компания 6,5 млрд. АҚШ долларына бағаланып, қазақстандық жария түрде саудаға шығарылған ең қымбат компания атанды. ІРО тек институционалдық инвесторларға ғана арналды. Renaissance Capital АІХ-тегі орналастырудың бірлескен букраннері және лид-менеджері болды.

AIX басқармасының төрағасы Тим Беннетт былай деп пікір білдірді:

«Біз Kaspi.kz-ті AIX-те қуана қошеметтейміз. Бұл ІРО жоғары технологиялық жеке компаниялардың әлеуетін көрсетті және басқа эмитенттер үшін жол ашады. Ол сонымен қатар елде капиталдың интеграцияланған нарығын Қазақстанның қаржы институттарының да, сол сияқты қарапайым азаматтарының да игілігі үшін одан әрі дамыту қажеттігін көрсетті».

Kaspi.kz компаниясы 7,8 миллион қазақстандық қолданатын ең танымал ұялы супер қосымшаның аясында өзінің инновациялық сервистерін дамытуда. Kaspi.kz супер қосымшаның көмегімен елдегі ең ірі төлемдер, электрондық коммерция және финтех платформаларына бірыңғай түрде қол жеткізуге болады.

Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлемдерді, электрондық коммерцияны және онлайн қаржы қызметтерін қолдану қарқынды түрде өсіп келеді.  Онлайн қызметтердің адамдардың күнделікті өміріне енуіне қарай Kaspi.kz өнімдері мен қызметтерінің маңыздылығы мен оларды қолдану тек арта түспек.

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасы да болып табылатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын жалпы құқығының юрисдикциясындағы нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді, осы арқылы инвестициялаудың сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы – жеке және мемлекеттік бизнес үшін қаржыландыру тартудың айқын және жайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді дамытады, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырады. Анағұрлым толығырақ ақпарат сілтеме бойынша қолжетімді: www.aix.kz

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО-ны Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады. АХҚО миссиясы – өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу. Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді. www.aifc.kz