Акциялар – IPO / SPO (бағалы қағаздарды бастапқы / қайталама жария орналастыру)

Листинг

Акциялар – IPO / SPO (бағалы қағаздарды бастапқы / қайталама жария орналастыру)

МАҢЫЗДЫ: Алдын ала қарау кезінде құжаттардың электрондық нұсқалары электрондық пошта арқылы жіберілуге тиіс, ал құжаттардың түпнұсқалары ықтимал эмитент AIX Реттеу және Комплаенс департаментінің мақұлдауын алған кезде, AIX көрсеткен мекенжайға пошта арқылы жіберілуге тиіс екенін ескеріңіз.

Бағалы қағаздарды листингке және сауда-саттыққа жіберу үшін қажетті құжаттар тізімі:

Құжаттың атауы Нысаны Сипаттамасы Сілтеме
ӨТІНІШ БЕРУ
АІХ пен эмитент арасындағы келісім
1 AIX Листинг туралы алдын ала келісім Нысан қолжетімді
2 Листинг туралы келісім AIX қамтамасыз етеді
3 AIX-те листингке рұқсат беру туралы өтініш Нысан қолжетімді Өтініш берушінің қолы қойылған және мөрімен расталған MLR 17
4 Бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу туралы өтініш (статистикалық деректер нысанға қосымшада берілуі тиіс) Нысан қолжетімді Өтініш берушінің қолы қойылған және мөрімен расталған ADS 3.2.1
Міндеттемелер
5 АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің (AFSA) алдындағы міндеттеме Нысан қолжетімді Өтініш берушінің қолы қойылған және мөрімен расталған MLR 1.2 (1)
6 AIX алдындағы міндеттеме Нысан қолжетімді Өтініш берушінің қолы қойылған және мөрімен расталған MLR 1.2 (1)
Басқа құжаттар
7 Уәкілетті тұлғалардың қол қою үлгілерінің карточкасы Нысан қолжетімді Апостилденген/нотариалды куәландырылған көшірме ADS 3.4.3 (2)
8 Қол қою құқығына сенімхат Апостилденген/нотариалды куәландырылған көшірме ADS 3.4.3 (2)
9 Процестік агентті тағайындауды растау/келісу Нысан қолжетімді Өтініш берушінің қолы қойылған және мөрімен расталған MLR 1.2 (2)
ЭМИТЕНТ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
АХҚО қағидалары бойынша талап етілетін құжаттар
10 Эмитенттің бенефициарларын анықтайтын меншік құрылымы (Акционерлер тізілімінен немесе қатысушылар тізілімінен үзінді көшірмені немесе ұқсас құжатты қоса алғанда) Апостилденген/нотариалды куәландырылған көшірме MDR 4.2 (a)
11 Директорлар Кеңесін және Басқарма мүшелерін тағайындау туралы шешім (немесе Жарғыға сәйкес шешім қабылдауға жауапты тиісті органдарды) Сканерленген көшірме MAR 2.2.2
12 Жоғары басшылықтың, түпкі бенефициарлық меншік иелерінің паспорттары/жеке куәліктері Апостилденген/нотариалды куәландырылған көшірме AML 6.3.1 (i)
13 Басқарма және Директорлар кеңесі мүшелерінің (немесе Жарғыға сәйкес шешім қабылдауға жауапты тиісті органдардың) түйіндемелері Сканерленген көшірме MAR 2.2.4
Компания туралы ақпарат
14 Корпоративтік басқару кодексі Сканерленген көшірме MLR 2.1
15 Ұйымдастыру құрылымы Өтініш берушінің қолы қойылған және мөрімен расталған MAR 2.2
16 Мүдделер қақтығысын реттеуге қатысты саясат Сканерленген көшірме MLR 9.1
17 Тіркеу туралы куәлік Апостилденген/нотариалды куәландырылған көшірме MLR 3.1
18 Жарғы Сканерленген көшірме MLR 3.1, ADS 3.3.1 (4)
19 Аудиттелген қаржылық есептілік (кез келген бекітілген проспект күніне дейін 6 айдан аспайтын және листингке қол жеткізу туралы өтініш беру күніне дейін 9 айдан аспайтын мерзімдегі теңгерімдік есепті қоса алғанда, алдыңғы үш жылғы) Сканерленген көшірме MLR 4.1
20 Директорлар кеңесінің және Басқарманың (немесе Жарғыға сәйкес шешімдер қабылдауға жауапты тиісті органдардың) құрамы туралы хат Өтініш берушінің қолы қойылған және мөрімен расталған MAR 2.2.4
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР БОЙЫНША АҚПАРАТ БАР ҚҰЖАТТАР
21 Проспект Өтініш берушінің қолы қойылған және мөрімен расталған MLR 17.2, AIX Prospectus Rules
22 Акционер туралы анықтама Нысан қолжетімді Өтініш берушінің қолы қойылған және мөрімен расталған MLR 17.3.1 (1)
23 Орналастыру бағасы туралы анықтама Нысан қолжетімді Өтініш берушінің қолы қойылған және мөрімен расталған MLR 17.3.1 (2)
24 Орналастыруға жататын акциялар санын жазбаша растау Нысан қолжетімді Өтініш берушінің қолы қойылған және мөрімен расталған MLR 17.2.1 (3)
25 Директорлар кеңесінің/Акционердің (ішкі заңнамаға және/немесе эмитенттің құрылтай құжаттарына сәйкес) бағалы қағаздарды шығару туралы шешімі Сканерленген көшірме MLR 17.4.1 (8)

Ескертпе: AIX-ке ұсынылуы тиіс немесе AIX-ке ұсынылған әрбір құжат ағылшын тілінде болуы немесе ағылшын тіліне нотариалды куәландырылған (бейрезиденттер үшін апостильденген) аудармасымен ілесіп берілуі тиіс. Барлық құжаттар тікелей AIX Реттеу және Комплаенс департаментіне жіберілуі тиіс (regulation@aix.kz).

Барлық ұсынылған құжаттарды қарастырғаннан және AIX барлық құжаттардың АХҚО және AIX қағидалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес келетінін растағаннан кейін, AIX Өтініш берушіге қол қою үшін Листинг туралы келісімшартты ұсынады. Листинг туралы келісімге нақты листинг сәтіне дейін қол қойылуы тиіс.

Алымдар:

Листинг үшін алымның 50%-ы AIX-те листингке жіберу туралы өтініш бергенге дейін Листинг туралы алдын ала келісімге сәйкес төленеді.

Листинг үшін қалған 50% алымы Листинг туралы келісімге сәйкес AIX-те листингке нақты жіберілген сәтке дейін төленеді.