Листингке арналған негізгі талаптар

Листинг

Листингке арналған негізгі талаптар

Бірінші кезеңде өтінім және/немесе талаптар беру процедурасына қатысты жалпы түсінік пен ұсыныстар алу үшін «AIX Markets» өкілдерімен байланысу қажет. «AIX Markets»-пен мына сілтемені түртіп немесе [email protected] электрондық мекенжайы  / +7 (7172) 23 5366  телефон нөмірі бойынша командаға хабарласып, байланысуды өтінеміз.

Листингке қойылатын талаптар

Оларға мыналар кіреді:

  1. Қолайлы, аудиторлық тексерістен өткен, төменде көрсетілген кезеңді қамтитын жылдық қаржылық есептер:
  • 1 жыл – REM сегментінің компаниялары үшін
  • 2 жыл – борыштық міндеттемелер эмитенттері үшін
  • 3 жыл – акциялардың эмитенттері үшін (кем дегенде бiр жыл табысты болуы тиiс)
  1. Егер аудиторлық тексерістен өткен жылдық қаржылық есептердің мерзімі:
  • листингтің өтуі болжанған күннен 9 ай кейін емес болса – бұл жағдайда қосымша қаржылық есептілік керек емес.
  • листингтің өтуі болжанған күннен 9 ай кейін, бірақ 15 айдан кейін емес болса – аудиторлық тексерістен өткен аралық жылдық қаржылық есептер ең болмағанда алғашқы 6 айлық кезеңді қамтуы тиіс.
  • листингтің өтуі болжанған күннен 15 ай кейін, бірақ 18 айдан кейін емес болса – аудиторлық тексерістен өткен аралық жылдық қаржылық есептер ең болмағанда алғашқы 6 айлық кезеңді қамтуы тиіс.
  1. Акциялардың эмитенттері үшін – еркін айналымдағы акциялардың (мемлекеттің меншігіндегі акциялар) ең аз саны кемінде:
  • 25%
  • 15% – REM сегментінің компаниялары үшін.

* MLR11.2-ге сай, AIX еркін айналым туралы талапты алып тастай немесе өзгерте алады.

  1. Листинг мезетіне нарықтық капиталдандырылудың барынша төмен тиісті деңгейі мынаны құрауы тиіс:
  • 1 млн. АҚШ долларынан кем емес – акциялардың эмитенттері үшін
  • 500 мың АҚШ долларынан кем емес – борыштық міндеттемелер эмитенттері үшін.

* REM сегментінің компаниялары үшін: листинг мезетіне және REM сегментінің компаниясы ретінде Ресми тізімге енгізген кезде барлық реттелетін биржаларда еркін айналымда жүрген борыштық бағалы қағаздардың нарықтық капиталдандырылу деңгейі 200 млн. АҚШ долларынан кем емес болуы тиіс.

Орналастыру проспектісінің талаптарына сәйкестік

Орналастыру проспектісінің қысқаша мазмұны келесі төрт тарауда берілген:

  • Кіріспе
  • Эмитент туралы негізгі мәліметтер
  • Бағалы қағаздар туралы негізгі мәліметтер
  • Сауда-саттыққа жіберу туралы негізгі мәліметтер

Тіркеу құжатының мазмұны:

  • Эмитент туралы  ақпарат
  • Өзекті қаржылық шолу
  • Жарғылық құжаттар және ұйымдастырушылық құрылым
  • Активтер
  • Капитал
  • Эмитенттің басшылығы
  • Эмитент туралы қаржылық деректер
  • Эмитентке қатысы бар өзге де мәліметтер

Бағалы қағаздар бойынша Ескертпенің мазмұны:

  • Негізгі мәліметтер
  • Сауда-саттыққа ұсынылған / мақұлданған бағалы қағадар туралы ақпарат
  • Оферта ережелері мен  шарттары
  • Бағалы қағаздардың жекелеген сыныптары туралы ақпарат