1. Бас бет
  2. Листинг
  3. Әлеуетті эмитенттер үшін
  4. Акциялар – Pre-IPO (бағалы қағаздарды бастапқы жария орналастыруға дайындық)

Акциялар – Pre-IPO (бағалы қағаздарды бастапқы жария орналастыруға дайындық)

МАҢЫЗДЫ: Алдын ала қарау кезінде құжаттардың электрондық нұсқалары электрондық пошта арқылы жіберілуге тиіс, ал құжаттардың түпнұсқалары ықтимал эмитент AIX Реттеу және Комплаенс департаментінің мақұлдауын алған кезде, AIX көрсеткен мекенжайға пошта арқылы жіберілуге тиіс екенін ескеріңіз.

Бағалы қағаздарды листингке және сауда-саттыққа жіберу үшін қажетті құжаттар тізімі:

Құжаттың атауы Нысаны Сипаттамасы Сілтеме
ӨТІНІШ БЕРУ
АІХ пен эмитент арасындағы келісім
1 AIX Листинг туралы алдын ала келісім Нысан қолжетімді
2 Листинг туралы келісім AIX қамтамасыз етеді
3 AIX-те листингке рұқсат беру туралы өтініш Нысан қолжетімді Өтініш берушінің қолы қойылған және мөрімен расталған MLR 17
4 AIX-те бағалы қағаздарды бастапқы жария орналастыру (IPO) жоспарлары туралы жазбаша растау Нысан қолжетімді Өтініш берушінің қолы қойылған және мөрімен расталған PRE 1.1 (4)
5 Ұсынылып отырған pre-IPO листингін өткізу үшін тиісті құқықтарды, өкілеттіктер мен құзыреттерді жазбаша растау Нысан қолжетімді Өтініш берушінің қолы қойылған және мөрімен расталған PRE 1.1 (5)
Басқа құжаттар
6 Уәкілетті тұлғалардың қол қою үлгілерінің карточкасы Нысан қолжетімді
Апостилденген/нотариалды куәландырылған көшірме

ADS 3.4.3 (2)

MLR 17.3.2

7 Қол қою құқығына сенімхат Апостилденген/нотариалды куәландырылған көшірме

ADS 3.4.3 (2)

MLR 17.3.2

8 Процестік агентті тағайындауды растау/келісу Нысан қолжетімді
Өтініш берушінің қолы қойылған және мөрімен расталған MLR 1.2 (2)
ЭМИТЕНТ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
АХҚО қағидалары бойынша талап етілетін құжаттар
9 Эмитенттің бенефициарларын анықтайтын меншік құрылымы (Акционерлер тізілімінен немесе қатысушылар тізілімінен үзінді көшірмені немесе ұқсас құжатты қоса алғанда) Өтініш берушінің мөрімен куәландырылған. AML 5.1.3 (a)
10 Директорлар Кеңесін және Басқарма мүшелерін мүшелерін (немесе Жарғыға сәйкес шешім қабылдауға жауапты тиісті органдарды) тағайындау туралы шешім Сканерленген көшірме MAR 2.2.2
11 Жоғары басшылықтың, түпкі бенефициарлық меншік иелерінің паспорттары/жеке куәліктері Сканерленген көшірме AML 6.3.1 (a)
12 Басқарма және Директорлар кеңесі (немесе Жарғыға сәйкес шешім қабылдауға жауапты тиісті органдардың) мүшелерінің түйіндемелері Сканерленген көшірме

MAR 2.2.4

MLR 6

Компания туралы ақпарат
13 Ұйымдастыру құрылымы Өтініш берушінің қолы қойылған және мөрімен расталған MAR 2.2
14 Тіркеу туралы куәлік Апостилденген/нотариалды куәландырылған көшірме MLR 3.1
15 Жарғы Сканерленген көшірме

MLR 3.1

ADS 3.3.1 (4)

16 Аудиттелген қаржылық есептілік (шаруашылық жүргізу құқығындағы компаниялар үшін алдыңғы бір жыл кезеңді және басқа компаниялар үшін – үш жылды қамтиды) және аудиттелген/аудиттелмеген аралық қаржылық есептілік (бұл қолданылатын жерлерде). Сканерленген көшірме MLR 4.1
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР БОЙЫНША АҚПАРАТ БАР ҚҰЖАТТАР
17 Шарттары Нысан қолжетімді Өтініш берушінің қолы қойылған және мөрімен расталған PR 1.3.2 (b), PRE 1.1 (2)
23 Бағалы қағаздарды листингі туралы шешім (ішкі заңнамаға және/немесе эмитенттің құрылтай құжаттарына сәйкес) Сканерленген көшірме MLR 17.4.1 (8)

Жауапкершіліктен бас тарту: АІХке беру талап етілетін немесе АІХке берілетін әрбір құжат ағылшын тілінде болуы тиіс немесе ағылшын тіліне нотариалды куәландырылған (резидент еместер үшін апостильденген) аударма қоса берілуі тиіс. Барлық құжаттар листинг платформасы арқылы онлайн жіберілуі тиіс.

Барлық ұсынылған құжаттар қаралып, барлық құжаттардың «Астана» халықаралық қаржы орталығының және АІХ-тің қағидалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес келетіндігі АІХ тарапынан бекітілгеннен кейін, АІХ Өтініш берушіге Акцияларға нарықта баға белгілеу туралы келісімді орындау үшін береді, баға белгілеу басталғанға дейін оған қол қойылуы тиіс.

Тарифтер:

5 000 АҚШ доллары мөлшеріндегі сома Алдын ала келісім жасасылғаннан кейін аванс түрінде төленуі тиіс. Мұндай аванстық төлем листинг критерийлеріне сәйкестікті бағалаудың нәтижесіне тәуелсіз қайтаруға жатпайды.

АІХ Сыйақылары Кестесінде  белгіленген листингтің қалған бөлігі Акцияларға нарықта баға белгілеу туралы келісімге сәйкес АІХ-тегі листингке іс жүзінде жіберілгенге дейін төленеді.