ОҚИҒАЛАР

Жаңалықтар

ОҚИҒАЛАР

Капитал нарығының форумы

2020 жылғы 1 шілдеде өткен AIX капитал нарықтарының форумы Орталық Азия мен Қазақстандағы капитал нарықтарына байланысты мәселелерді талқылау үшін инвесторлар,ұлттық компаниялар, жеке бизнес және үкімет өкілдерінен жетекші сарапшыларды жинады. Онлайн режимде өткен іс-шараға Еуропа, АҚШ және Қытай инвестициялық қорларының 50-ден астам өкілі қатысты, олар дамушы нарықтарға инвестиция салуға маманданған және Қазақстандағы жаңа мүмкіндіктерді қарастырады.

Төрт панельдік пікірталас аясында беделді спикерлер макроэкономикалық болжамдарды, Қазақстан экономикасына инвестиция салу үшін басым секторларды, дағдарыстың әсерін азайту үшін Қазақстан Үкіметі қабылдайтын шараларды талқылады. «HalykBank» АҚ және «Қазатомпром» ҰАК» АҚ топ-менеджерлері инвесторлар үшін презентациялармен бөлісті.

Инвесторларға арналған вебинарлар

Біз инвесторлар үшін тұрақты түрде вебинарлар өткіземіз, онда шетелдік инвестициялық қоғамдастықты инвестициялар бойынша негізделген шешімдер қабылдауға, сондай-ақ ұзақ мерзімді инвестициялық стратегияны құруға көмектесу үшін Қазақстан мен өңірдің экономикалық ортасындағы өзгерістер туралы хабардар етеміз. Шолудың объективті болуы үшін біз тәуелсіз сарапшыларды болып жатқан өзгерістер мен олардың инвестициялық климатқа әсерін бағалаумен бөлісуге шақырамыз.

Біздің болашақ онлайн іс-шараларымызға мына мекенжай бойынша жазылыңыз [email protected]