AIX жаңалықтары

Жаңалықтар

АХҚО биржасының 2019 жылдың сәуір айындағы сауда қызметіне шолу

02/05/2019

Сәуір айында AIX сауда-саттығы 22.6 млн. АҚШ долларын құрады (8.6 млрд. теңге)

«Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасы (АХҚО биржасы, AIX) 2019 жылдың 1-30 сәуірі аралығында сауда-саттық қызметіне шолу жасайды. Көрсетілген мерзімде жиынтық сауда көлемі 22 625 437.55 АҚШ долларын құрады (8 641 559 620 теңге[1]).

 Атап айтқанда, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ («Қазатомөнеркәсіп», «KAP») жай акциялары бойынша айналым 792 250 165 теңгені (468 мәміле) құрады. Осы кезеңде «Қазатомөнеркәсіптің» жаһандық депозитарлық қолхаттарымен («ЖДҚ», «KAP.Y») 211 152.44. АҚШ доллары сомасына 15 мәміле жасалды.

Сәуір айындағы Polymetal International Plc. («POLY») жай акцияларымен сауда-саттығы 20 340 006 АҚШ долларын құрады.

Бағалы қағаз Айдың қоры-сы
бой
-ша мәмілелер
саны
Өткен
айға
қатысты
өзгеріс,
%                               
Айдың
қоры-сы
бой-ша мәмілелер
саны
Өткен
айға
қатысты өзгеріс,
%                                    
Айдың
қоры-сы
бойынша
сат-ын акциялардың
саны
Өткен
айға
қатысты өзгеріс, %  
2019 ж.
мәміле. жалпы
саны
2019 ж. мәміле. жалпы
көлемі
KAP 468 -6% KZT792,250,165 16% 150,
194
18% 2381 KZT
3,014,
292,
385 
KAP.Y 15 -46% USD211,152.44 -42% 14,
875
-41% 114 USD
1,
525,
267.
18
POLY 15 N/A USD20,
340,006.00
N/A 2,000,000 N/A 15 USD
20,
340,
006.
00

            Бұдан басқа, Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) және «Банк ЦентрКредит» АҚ AIX сауда мүшелері атанды. ЕАДБ AIX орталық депозитарийінің қатысушысы болды.

Анықтамалық ақпарат:

AIX. АХҚО биржасы 2017 жылы “Астана” халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. 2018 жылдың 14 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев AIX алаңында бағалы қағаздардың алғашқы сауда-саттығын салтанатты түрде іске қосты. AIX акционерлері АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ болып табылады. www.aix.kz

АХҚО. 2015 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Астана” халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық Заңға қол қойды. АХҚО мақсаты халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру болып табылады. АХҚО-ның міндеттері қаржы қызметтері саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру жолымен ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

­­­ЕАДБ. ЕАДБ – мүше мемлекеттердің экономикалық өсуін ынталандыру, олардың арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және инвестициялық қызмет арқылы Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық процестерді дамыту үшін құрылған халықаралық қаржы институты. Банк Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы уәкілетті өкілдерінің 2006 жылдың 12 қаңтарында қол қойған халықаралық келісімнің негізінде құрылды. Банкті құру бастамалары Ресей мен Қазақстан президенттеріне тиесілі. Банктің қатысушылары алты мемлекет – Ресей, Қазақстан, Армения, Тәжікстан, Беларусь пен Қырғызстан. Банктің ағымдағы инвестициялық портфелі 3,631 миллиард АҚШ долларын құрайды және Банктің алты қатысушы елдегі 85 жобаны қамтиды.  Банктің қатысушы мемлекеттердің экономикасына инвестицияларының жалпы сомасы 7,790 млрд АҚШ долларына жетті. www.eabr.org

ЦентрКредит Банкі 1988 жылдың 19 қыркүйегінде құрылды. Бұл активтер мөлшері мен депозиттер көлемі бойынша Қазақстандағы жетекші коммерциялық банктердің бірі. Банктің негізгі қызметі корпоративтік және банктің бөлшектік қызметтерден тұрады. Корпоративтік банк қызметі ішкі клиенттердің әртараптандырылған тобы, бірінші кезекте шағын және орта бизнес компанияларының үшін көтерме банк өнімдерінің кең спектрін қамтиды. Банктік бөлшек қызметі мен банк өнімдері бөлшек несиелеуді,  депозиттерді қабылдауды, сондай-ақ кредиттік және дебеттік карталарды қамтиды. Банк сондай-ақ бекітілген кірісі бар бағалы қағаздар және Қазақстандағы валюта нарығының белсенді қатысушысы..www.bcc.kz


[1] Есеп айырысулар үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі ресми бағамы қолданылды.

БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: y.pak@aix.kz