AIX жаңалықтары

Жаңалықтар

Евгения Богданова AIX-тің Реттеу және Комплаенс директоры болып тағайындалды

03/12/2019

Astana International Exchange («AIX», «Exchange») Евгений Богданованың Реттеу және Комплаенс жөніндегі басшысы болып тағайындалғаны туралы хабарлайды. Тағайындауды АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті бекітуі тиіс.

Евгенияның 20 жылдан астам жұмысы халықаралық капитал нарықтарымен байланысты болды. AIX-ке келгенге дейін Евгения Renaissance Capital-да Инвестициялық-банк бөлімшесінің заң қызметін және Корпоративтік басқару тобын басқарды. Бұған дейін ол Мәскеуде White & Case-де акциялар мен облигацияларды халықаралық және жергілікті орналастыру; m&A мәмілелер; компанияларды қайта құрылымдау; ақпаратты ашу; листингке қойылатын талаптар; корпоративтік басқару мәселелері бойынша кеңес бере отырып, заң практикасымен айналысты.

AIX-те Евгения AIX эмитенттерінің және нарық қатысушыларының қызметін реттеушілік қадағалауға, нарық жағдайы мен сауда операцияларын бақылауға жауап беретін Реттеу және Комплаенс командасының жұмысын басқарады.

Евгения МҚИ РҒА жанындағы Ресей Академиялық құқықтық университетін бітірді және өз мансабын Ресей Бағалы қағаздар нарығы жөніндегі Федералдық комиссиясында (кейінірек Ресей Федерациясының Орталық банкінің құрылымына енгізілген) бастады, онда ресейлік бағалы қағаздар нарығымен байланысты заң жобалау қызметімен, соның ішінде Ресейдегі шетелдік эмитенттердің борыштық бағалы қағаздарды тікелей шығаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін нормативтік-құқықтық реформаны іске асырумен айналысты.

Тим Беннетт, AIX Басқарма төрағасы:

«Біз Евгенияның AIX-ке кегеніне қуаныштымыз және оның кәсіби дағдылары, дарыны мен білімі AIX-тің табысқа жетуіне және біздің реттеушілік рөліміз бен нарықтық ортамыздың одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенімдіміз», – деп мәлімдеді.

Евгений Богданова өзінің тағайындалуы туралы былай деп пікір білдірді:

«Мен AIX командасының мүшесі болғаныма қуаныштымын және мүмкіндігімше АХҚО-ның Орталық Азияның халықаралық танымал қаржы орталығына айналуына ықпал етуге тырысамын. Мен Биржаның жоғары халықаралық стандарттарға жауап беретін және AIX-тің халықаралық және отандық эмитенттері мен инвесторлары үшін тартымды орта жасайтын биржаның реттеуші қағидалары жүйесін одан әрі дамытуға көңіл бөлемін».

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. AIX акционерлері АХҚО, Goldman Sachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және NASDAQ болып табылады. Биржа инвестициялаудың сенімді шарттарын осылайша қамтамасыз ете отырып, ағылшын жалпы құқық қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік бизнес тарапынан қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және тиімді жағдайлар ұсыну есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және Жол» бастамасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО-ның мақсаты – халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржы қызметтері саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: y.pak@aix.kz