AIX жаңалықтары

Жаңалықтар

Жергілікті және өңірлік инвесторлар тарапынан AIX-тегі Polymetal акцияларына деген сұраныс күтілген мөлшерден асып түсті

25/04/2019

Жергілікті және өңірлік инвесторлар тарапынан AIX-тегі Polymetal акцияларына деген сұраныс күтілген мөлшерден асып түсті

«Астана» халықаралық қаржы орталығының Биржасы («АХҚО Биржасы», «AIX») Polymetal International Plc. («Polymetal») компаниясының жай акцияларына деген сұраныс күтілген мөлшерден асып түскенін хабарлайды – инвесторлар сомасы 17,31 млн АҚШ доллары болатын 1,69 млн дана акция сатып алды. Бұл ретте 24 сәуірдегі АХҚО Биржасындағы сауда-саттық көлемі 17,31 млн АҚШ долларын құрады.

АХҚО Басқарма Төрағасы Тим Беннетт:

«Polimetal» акциялары сауда-саттығының алғашқы күні Қазақстан экономиканың өсуіне ықпал ететін компаниялардың бағалы қағаздарына деген жоғары сұранысты көрсетті. Бүгінгі нəтижелер халықаралық деңгейде қабылданған реттеушілік стандарттар мен заманауи технологиялық инфрақұрылымды қамтитын AIX сауда алаңы халықаралық эмитенттерді тарта алатындығын, оларды жергілікті жəне өңірлік инвесторлармен байланыстыратындығын көрсетті», – деді.

HalykFinance АХҚО Биржасындағы листингтің бас ұйымдастырушысы атанды және ол тағайындалған маркет-мейкер ретінде әрекет ететін болады.

Анықтамалық ақпарат:

AIX. АХҚО биржасы 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. 2018 жылдың 14 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев AIX алаңында бағалы қағаздардың алғашқы сауда-саттығын салтанатты түрде іске қосты. AIX акционерлері АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ болып табылады. www.aix.kz

АХҚО. 2015 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық Заңға қол қойды. АХҚО халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыруды мақсат тұтады. АХҚО міндеттері қаржы қызметтері саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру жолымен ел экономикасына инвестициялар тартуға ықпалдасу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

ПЕРСПЕКТИВАЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕ

ОСЫ БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ “ПЕРСПЕКТИВАЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕ” БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН НЕМЕСЕ БОЛУЫ МҮМКІН МӘЛІМДЕМЕНІ ҚАМТУЫ МҮМКІН. ОСЫ ПЕРСПЕКТИВАЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕ БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМСЫНЫҢ ШЫҒАРЫЛҒАН КҮНІНДЕГІ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША ҒАНА АҚПАРАТ БЕРЕДІ. ОСЫ ПЕРСПЕКТИВАЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕ БОЛЖАМДЫ ТЕРМИНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, “ЖОСПАРЛАЙДЫ”, “БОЛЖАЙДЫ”, “КҮТЕДІ”, “МАҚСАТТЫ КӨЗДЕЙДІ”, “НИЕТТЕНЕДІ”, “БОЛАДЫ”, “МҮМКІН”, “ЖОРАМАЛДАЙДЫ”, “ҰМТЫЛАДЫ”, “МҮМКІН” НЕМЕСЕ “ТИІС” ДЕГЕН СӨЗДЕР МЕН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІН ҚОСА АЛҒАНДА, НЕ ҰҚСАС МАҒЫНЫДАҒЫ СӨЗДЕРДІ НЕМЕСЕ ӘРБІР ЖАҒДАЙДА ОЛАРДЫҢ ТЕРІС НЕМЕСЕ ӨЗГЕ ТҮРЛЕРІН, НЕ КОМПАНИЯНЫҢ СТРАТЕГИЯЛАРЫН, ЖОСПАРЛАРЫН, МІНДЕТТЕРІН, МАҚСАТТАРЫН, БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАРЫН НЕМЕСЕ НИЕТТЕРІН ТАЛҚЫЛАУДЫ ЖҮРГІЗУ АРҚЫЛЫ СӘЙКЕСТЕНДІРІЛУІ МҮМКІН. ОСЫ ПЕРСПЕКТИВАЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕ ТАРИХИ ФАКТІЛЕР БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН МӘЛІМЕТТЕРДІ ҚАМТИДЫ. ӨЗІНІҢ СИПАТЫ БОЙЫНША ПЕРСПЕКТИВАЛАР ТУРАЛЫ ОСЫ МӘЛІМДЕМЕ АНЫҚТАЛҒАН ЖӘНЕ АНЫҚТАЛМАҒАН ТӘУЕКЕЛДЕРДІ, БЕЙМӘЛІМ ЖАЙТТАРДЫ ЖӘНЕ КОМПАНИЯҒА ТӘУЕЛДІ ЕМЕС ӨЗГЕ ДЕ МАҢЫЗДЫ ФАКТІЛЕРДІ ҚАМТИДЫ. СОНДЫҚТАН ОСЫ ПЕРСПЕКТИВАЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕДЕ КӨРСЕТІЛГЕН КОМПАНИЯНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ, ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ БОЛАШАҚТАҒЫ НӘТИЖЕЛЕРДЕН, ЖЕТІСТІКТЕР КӨРСЕТКІШТЕРІНЕН АЙТАРЛЫҚТАЙ ӨЗГЕШЕЛЕНУІ МҮМКІН. ПЕРСПЕКТИВАЛАР ТУРАЛЫ ОСЫ МӘЛІМДЕМЕ КОМПАНИЯНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖӘНЕ БОЛАШАҚ БИЗНЕС СТРАТЕГИЯЛАРЫ МЕН БОЛАШАҚТАҒЫ КОМПАНИЯНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ОРТАСЫНА ҚАТЫСТЫ КӨПТЕГЕН БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН. ПЕРСПЕКТИВАЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕ КОМПАНИЯНЫҢ БОЛАШАҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ КЕПІЛІ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ. КОМПАНИЯНЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕСІНДЕ КӨРСЕТІЛГЕН НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН КӨРСЕТКІШТЕРІ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР, ЖЕТІСТІКТЕР КӨРСЕТКІШТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ АЙТАРЛЫҚТАЙ ӨЗГЕШЕЛІГІНЕ ӘКЕЛУІ МҮМКІН КӨПТЕГЕН ФАКТОРЛАР БАР. КОМПАНИЯ ЖОСПАРЛАРЫНЫҢ ҚАНДАЙ ДА БІР ӨЗГЕРІСТЕРІН НЕМЕСЕ ОСЫ МӘЛІМДЕМЕ НЕГІЗДЕЛЕТІН ОҚИҒАЛАРДЫҢ, ШАРТТАРДЫҢ НЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ҚАНДАЙ ДА БІР ӨЗГЕРІСТЕРІН КӨРСЕТУ ҮШІН ПЕРСПЕКТИВАЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕНІҢ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ НЕМЕСЕ ТҮЗЕТУ БӨЛІГІНДЕ, КОМПАНИЯ ҚАНДАЙ ДА БІР МІНДЕТТЕМЕЛЕРДЕН НЕМЕСЕ УӘДЕЛЕРДЕН АНЫҚ БАС ТАРТАДЫ.

БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: y.pak@aix.kz