AIX жаңалықтары

Жаңалықтар

Полиметалл АХҚО Биржасындағы алғашқы шетелдік эмитент атанды

17/04/2019

Полиметалл АХҚО Биржасындағы алғашқы шетелдік эмитент атанды

«Астана» халықаралық қаржы орталығының Биржасы («АХҚО Биржасы», «AIX») 2019 жылдың 17 сәуірінде Polymetal International plc («Polymetal», «Полиметалл») жай акциялары («Акциялар») AIX-тің ресми тізіміне енгізілді. Полиметаллдың акциялары POLY тикерімен (қағаз коды) және АҚШ доллары бағамымен саудаланатын әрі төленетін болады. Олар LSE (London Stock Exchange) және MOEX (Moscow Exchange) биржаларында толықтай айырбасталатындай болады. Акциялардың AIX-тегі саудасы 2019 жылдың 24 сәуірінде басталады деп күтілуде.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетовтің сөзінше:

 «Полиметаллдың листингі халықаралық деңгейде танылған ірі эмитенттің тарапынан Қазақстанның инвесторлық әлеуетіне, АХҚО юрисдикциясына, сондай-ақ AIX-тің технологиялық мүмкіндіктері мен инфрақұрылымына деген жоғары сенімінің айғағы болып табылады. Бұл сенім еліміздегі жұмыс тәжірибесіне негізделгені анық және басқа да орта және ірі компаниялар – AIX-тің әлеуетті эмитенттері үшін үлгі болмақ».

AIX Басқарма Төрағасы Тим Беннетт:

«Біз АХҚО биржасында алғашқы шетелдік эмитентті қарсы алуға қуаныштымыз. Біздің платформада тіркелу Полиметаллға өзінің инвесторлар базасын түрлендіруге және оның Орталық Азия өңіріндегі инвесторлар арасында беделін арттыруға мүмкіндік береді», – деді.

Полиметалл Тобының Бас атқарушы директоры Виталий Несис:

«AIX-тегі листинг Полиметаллдың Қазақстандағы қызметінің алғашқы 10 тұспа-тұс келген айтулы сәт. Бұл біздің акцияларымыздың жергілікті инвесторлар үшін анағұрлым тартымды әрі қолжетімді етеді және бізге акционерлер базасын кеңейтуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз» – деп мәлімдеді.

Полиметалл Қазақстанда 2009 жылдан бастап жұмыс істейді және қазіргі уақытта екі жобаны жүргізіп келеді: біріншісі Шығыс Қазақстанда өткен жылы сәтті іске қосылған «Қызыл» және екіншісі Қостанай облысындағы «Варваринское». Компанияның елде сондай-ақ бірнеше геологиялық барлау жобалары бар; Қазақстанда Полиметаллдың жобаларында барлығы 2 500 адам жұмыс істейді. 

2018 жылы Полиметаллдың қазақстандық активтері 238 мың унция алтын өндіріп, 272 млн АҚШ доллары көлемінде және түзетілген EBITDA Тобынан 17% табыс әкелді. «Қызылдың» толық жобалық  өнімділігіне өтуімен Топтың Қазақстандағы өндірісінің көлемі алдағы үш жылда 500 мың унцияға дейін артады деп күтілуде. Қазіргі уақытта Топтың кен қорының 38% Қазақстанға тиесілі (9,1 млн алтын унциясы және 24 млн. унция).

Акцияларды АХҚО Биржасының ресми тізіміне енгізу және саудаға шығару мақсатында Компания АХҚО листингісі қағидаларының (AIFC Rules No. FR0003 2017) 1.4-тармағына сәйкес Қысқаша Проспект дайындады. Қысқаша Проспект www.aix.kz. Биржаның сайтында жарияланды. 

HalykFinance АХҚО Биржасындағы листингтің бас ұйымдастырушысы атанды және ол тағайындалған маркет-мейкер ретінде әрекет ететін болады.

Анықтамалық ақпарат:  

AIX. АХҚО биржасы 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. 2018 жылдың 14 қарашасында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев AIX алаңында бағалы қағаздардың алғашқы сауда-саттығын салтанатты түрде іске қосты. AIX акционерлері АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ болып табылады. www.aix.kz

АХҚО. 2015 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық Заңға қол қойды. АХҚО халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыруды мақсат тұтады. АХҚО міндеттері қаржы қызметтері саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру жолымен ел экономикасына инвестициялар тартуға ықпалдасу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

Полиметалл (LSE, Мәскеу биржасы: POLY, ADR: AUCOY) (“Полиметалл”, “Компания” немесе “Топ” деп аталатын өзінің еншілес компанияларымен) – 20 әлемдік алтын өндірушілердің және 5 әлемдік күміс өндірушілердің қатарына кіреді, оның Ресей мен Қазақстанда активтері бар. Компанияға тұрақты дивидендтік табыспен қарқынды өсу тән.

ПЕРСПЕКТИВАЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕ

ОСЫ БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ “ПЕРСПЕКТИВАЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕ” БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН НЕМЕСЕ БОЛУЫ МҮМКІН МӘЛІМДЕМЕНІ ҚАМТУЫ МҮМКІН. ОСЫ ПЕРСПЕКТИВАЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕ БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМСЫНЫҢ ШЫҒАРЫЛҒАН КҮНІНДЕГІ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША ҒАНА АҚПАРАТ БЕРЕДІ. ОСЫ ПЕРСПЕКТИВАЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕ БОЛЖАМДЫ ТЕРМИНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, “ЖОСПАРЛАЙДЫ”, “БОЛЖАЙДЫ”, “КҮТЕДІ”, “МАҚСАТТЫ КӨЗДЕЙДІ”, “НИЕТТЕНЕДІ”, “БОЛАДЫ”, “МҮМКІН”, “ЖОРАМАЛДАЙДЫ”, “ҰМТЫЛАДЫ”, “МҮМКІН” НЕМЕСЕ “ТИІС” ДЕГЕН СӨЗДЕР МЕН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІН ҚОСА АЛҒАНДА, НЕ ҰҚСАС МАҒЫНЫДАҒЫ СӨЗДЕРДІ НЕМЕСЕ ӘРБІР ЖАҒДАЙДА ОЛАРДЫҢ ТЕРІС НЕМЕСЕ ӨЗГЕ ТҮРЛЕРІН, НЕ КОМПАНИЯНЫҢ СТРАТЕГИЯЛАРЫН, ЖОСПАРЛАРЫН, МІНДЕТТЕРІН, МАҚСАТТАРЫН, БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАРЫН НЕМЕСЕ НИЕТТЕРІН ТАЛҚЫЛАУДЫ ЖҮРГІЗУ АРҚЫЛЫ СӘЙКЕСТЕНДІРІЛУІ МҮМКІН. ОСЫ ПЕРСПЕКТИВАЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕ ТАРИХИ ФАКТІЛЕР БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН МӘЛІМЕТТЕРДІ ҚАМТИДЫ. ӨЗІНІҢ СИПАТЫ БОЙЫНША ПЕРСПЕКТИВАЛАР ТУРАЛЫ ОСЫ МӘЛІМДЕМЕ АНЫҚТАЛҒАН ЖӘНЕ АНЫҚТАЛМАҒАН ТӘУЕКЕЛДЕРДІ, БЕЙМӘЛІМ ЖАЙТТАРДЫ ЖӘНЕ КОМПАНИЯҒА ТӘУЕЛДІ ЕМЕС ӨЗГЕ ДЕ МАҢЫЗДЫ ФАКТІЛЕРДІ ҚАМТИДЫ. СОНДЫҚТАН ОСЫ ПЕРСПЕКТИВАЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕДЕ КӨРСЕТІЛГЕН КОМПАНИЯНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ, ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ БОЛАШАҚТАҒЫ НӘТИЖЕЛЕРДЕН, ЖЕТІСТІКТЕР КӨРСЕТКІШТЕРІНЕН АЙТАРЛЫҚТАЙ ӨЗГЕШЕЛЕНУІ МҮМКІН. ПЕРСПЕКТИВАЛАР ТУРАЛЫ ОСЫ МӘЛІМДЕМЕ КОМПАНИЯНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖӘНЕ БОЛАШАҚ БИЗНЕС СТРАТЕГИЯЛАРЫ МЕН БОЛАШАҚТАҒЫ КОМПАНИЯНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ОРТАСЫНА ҚАТЫСТЫ КӨПТЕГЕН БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН. ПЕРСПЕКТИВАЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕ КОМПАНИЯНЫҢ БОЛАШАҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ КЕПІЛІ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ. КОМПАНИЯНЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕСІНДЕ КӨРСЕТІЛГЕН НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН КӨРСЕТКІШТЕРІ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР, ЖЕТІСТІКТЕР КӨРСЕТКІШТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ АЙТАРЛЫҚТАЙ ӨЗГЕШЕЛІГІНЕ ӘКЕЛУІ МҮМКІН КӨПТЕГЕН ФАКТОРЛАР БАР. КОМПАНИЯ ЖОСПАРЛАРЫНЫҢ ҚАНДАЙ ДА БІР ӨЗГЕРІСТЕРІН НЕМЕСЕ ОСЫ МӘЛІМДЕМЕ НЕГІЗДЕЛЕТІН ОҚИҒАЛАРДЫҢ, ШАРТТАРДЫҢ НЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ҚАНДАЙ ДА БІР ӨЗГЕРІСТЕРІН КӨРСЕТУ ҮШІН ПЕРСПЕКТИВАЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕНІҢ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ НЕМЕСЕ ТҮЗЕТУ БӨЛІГІНДЕ, КОМПАНИЯ ҚАНДАЙ ДА БІР МІНДЕТТЕМЕЛЕРДЕН НЕМЕСЕ УӘДЕЛЕРДЕН АНЫҚ БАС ТАРТАДЫ.

БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы 
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: y.pak@aix.kz