AIX жаңалықтары

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ және «Ренессанс Капитал» инвестициялық компаниясы AIX-тің сауда мүшелері атанды

02/07/2019

Осылайша, Қазақстанның көптеген өңірлеріндегі бөлшек инвесторлардың ірі базасына қолжетімділік «Қазпошта» қызметтері, ал өңірлік институционалдық инвесторларға қолжетімділік – «шекаралық» пен дамушы нарықтардағы жетекші тәуелсіз халықаралық инвестициялық компаниялардың бірі арқылы кеңейтілетін болады

Astana International Exchange (AІХ, Биржа) «Қазпошта» АҚ мен «Ренессанс Капитал» ИК AIX-тің сауда мүшелері атанғанын хабарлайды. Тиісті сертификаттар осы ұйымдардың басшыларына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Астана» халықаралық қаржы орталығына сапары аясында берілді.

“Біз мыңдаған қазақстандық және шетелдік инвесторларға AIX платформасына қол жеткізуге мүмкіндік беретін жаңа сауда мүшелерімізді қарсы алуға қуаныштымыз, – деп атап өтті AIX басқарма төрағасы Тим Беннетт. – «Қазпоштаның» клиенттік базасының кең қамтылымы және бұрын жүргізілген “Халықтық IPO-ға” қатысу тәжірибесі, сондай-ақ «Ренессанс Капитал» қамтылымының бірегей географиясы осы компаниялардың клиенттеріне Орталық Азиядағы капитал нарығында жаңа мүмкіндіктер ашады”.

«Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов:

«Astana International Exchange – халықаралық деңгейдегі платформа және біз оған қол жеткізгенімізге қуаныштымыз. Бұл бізге өз клиенттерімізге заманауи сауда алаңының көмегімен инвестициялау үшін барынша кең мүмкіндіктер ұсынуға мүмкіндік береді. Өз тарапымнан «Қазпошта» АҚ брокер ретінде Қазақстанның қор нарығын дамытуға белсенді ықпал ететініне сендіре аламын”- деп атап өтті.

«Ренессанс Капитал» Директорлар кеңесінің төрағасы Кристоф Шарлье:

«Astana International Exchange технологиялық платформасы биржаның және оның серіктестері үшін үлкен перспективалар аша отырып, ең заманауи талаптарға сай келеді және нарық қатысушыларының үміттерін қанағаттандырады. Біз Қазақстан Республикасының ұлттық компанияларын жекешелендіру бағдарламаларын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздарды шығару және айналымға енгізу арқылы біздің клиенттерімізге қор биржасына кіруді ұсынудың толыққанды мүмкіндігіне қуаныштымыз. Дамып келе жатқан және шекаралас нарықтардағы жетекші инвестициялық компаниялардың бірі ретінде біз көптеген жылдар бойы қазақстандық эмитенттерге акционерлік және борыштық капитал нарықтарындағы мәмілелерді іске асырамыз және жаһандық инвесторлар арасында өңірдің инвестициялық тартымдылығын белсенді түрде насихаттап келеміз», – деді.

«Қазпошта» АҚ номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті, сондай-ақ трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның негізінде 2000 жылдан бастап брокерлік қызметтер ұсынады. «Қазпоштаның» брокерлік клиенттік базасында жеке тұлғалардың 32 мыңнан астам ашылған шоттары бар. Компанияның әрбір облыстық филиалында брокерлік қызмет көрсету жөніндегі мамандар жұмыс істейді. Бүкіл ел аумағында пошта байланысы тораптарында брокерлік қызмет көрсетудің 100-ден астам нүктесі қызмет көрсетеді. Брокер клиенттерінің сауда платформасы арқылы үйден шықпай-ақ өтінім беру мүмкіндігі бар.

«Ренессанс Капитал» ИК – шекаралас және әлемнің дамушы өңірлеріне маманданған және Африка, Таяу Шығыс, Орталық Еуропа, Түркия, Азия мен Грецияны қоса алғанда 50 нарыққа қолжетімділікті қамтамасыз ететін жетекші инвестициялық банк. «Ренессанс Капитал» өз қызметінің барлық негізгі түрлері: тіркелген кірістілігі бар өнімдер, валюталармен және шикізат тауарларын қоса алғанда акционерлік және борыштық капиталмен, бірігулер және сіңірулермен жұмыс, бағалы қағаздармен және туынды құралдармен жұмыс, сондай-ақ талдамалық зерттеулер бойынша жетекші орынға ие. Компания Лондон, Мәскеу, Нью-Йорк, Йоханнесбург, Лагос, Найроби және Каирде қатысыммен EEMEA өңіріндегі компаниялардың акцияларын сату және клиенттермен жұмыс істеу бойынша ең ірі бөлімшелерінің біріне ие. Компанияның талдау басқармасы EEMEA өңіріндегі зерттеулердің толық спектрін ұсынады.

Анықтамалық ақпарат:

Astana International Exchange 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылған. AIX акционерлері АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және АІХ сауда платформасын ұсынатын NASDAQ болып табылады. AIX халықаралық инвесторларға таныс нормативтік-құқықтық орта аясында, ағылшын құқығының юрисдикциясында жұмыс істейді. Биржада жоғары технологиялық сауда инфрақұрылымы әзірленді және жұмыс істейді. Жергілікті және халықаралық брокерлердің экожүйесі құрылды. 2018 жылдың қараша айында AIX-те “Қазатомөнеркәсіп” ҰАК” АҚ IPO сәтті өтті. 2019 жылдың сәуірінде биржадағы қос листингтен Polymetal International Plc ірі тау-кен компаниясы өтті. Сондай-ақ, AIX платформасында листингтен өтіп және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің еурооблигациялары мен “Қазақстан темір жолы” АҚ корпоративтік облигациялары орналастырылды. “Шұбаркөл Көмір” АҚ және “Қазхром” ТҰК” АҚ бағалы қағаздары “pre-IPO”санатына қосылды. AIX (AIX CSD) орталық депозитарийінің мүшелері екі кастодиан банкі болып табылады, AIX CSD-де инвесторлардың 60 000-нан астам шоты ашылды. AIX – Еуропа және Азия қор биржалары федерациясының мүшесі болып табылады. 2019 жылдың қаңтарында Ұлыбританияның Салық және кеден қызметі (HMRC) AIX-ке танылған қор биржасы мәртебесін берді. AIX CSD-еуропалық CSD қауымдастығының мүшесі болып табылады. www.aix.kz

АХҚО. 2015 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Астана” халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО мақсаты халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру болып табылады. АХҚО-ның міндеттері қаржы қызметтері саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру жолымен ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен бірігуін қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

“Ренессанс Капитал” “ОНЭКСИМ” тобының құрамына кіреді. 2019 ж. 15 сәуірде “Ренессанс Капитал” ИК ҚЕХС бойынша 2018 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жылғы қызметінің қаржылық нәтижелерін жариялады. Есепті кезеңде компанияның таза пайдасы 13,5 млн АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың деңгейіне жақын. Операциялық кіріс өткен жылдың деңгейінде қалып, 141,2 млн АҚШ долларын құрады. The Banker “Ренессанс Капиталды” 2018 жылғы дамушы нарықтардағы ең инновациялық банк деп атады. Үшінші жыл қатарынан “Ренессанс Капитал” Extel Survey рейтингісінде командалық және жеке номинациялар қатары бойынша жоғары орындарға ие болып келеді. Африкалық акциялар нарығы талдаушыларының Financial Mail рейтингінде “Ренессанс Капитал” талдаушылар командасы 2018 ж. Африкада төртінші орынға ие болды, ал жеке талдаушылар өз санаттарында бірінші орындарды иеленді. Global Finance журналының нұсқасы бойынша “Ренессанс Капитал” шекаралас нарықтардағы 2018 жылғы Үздік банк атанды. www.rencap.com/rus

БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: y.pak@aix.kz