AIX жаңалықтары

Жаңалықтар

50 астам инвестициялық қорлар AIX капитал нарықтары форумына қатысты

02/07/2020

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») «Экономикалық тұрлаусыздық жағдайында жаңа шынайылықты іздеу» институционалдық инвесторларға арналған капитал нарықтары форумын өткізді. Онлайн пішімінде өткен форумға фронтирлік нарықтардағы инвестициялар бойынша маманданатын және Қазақстанда жаңа мүмкіндіктерді қарастыратын Еуропа, АҚШ және Қытай инвестициялық қорларының 50 астам өкілі қатысты.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов былай деп мәлімдеді:

«Біздің мақсатымыз – жаһандық инвестициялық қоғамдастықпен барынша ашық коммникациялар орнату болып табылады және ұйымдастырылған AIX форумы – осы бағытқа қарай жасалған бір қадам. Біз Қазақстанда инвестициялауға арналған тартымды активтердің бар екенін және дағдарысқа қарамастан мұнда пайда табу үшін жаңа мүмкіндіктердің бар екенін көрнекі етіп көрсеткіміз келеді».

Төрт панельдік пікірсайыс аясында беделді спикерлер макроэкономикалық болжамдарды, Қазақстан экономикасына инвестициялар жасау үшін басым секторларды, дағдарыстың әсерін төмендету үшін Қазақстан Үкіметінің қолға алып жатқан шараларын талқылады. Инвестициялық қоғамдастықтың талдаушылары мен тәжірибешілдері қор нарықтарындағы өзгерістерді өздерінің қабылдау деңгейімен, туындаған тәуекелдерді төмендету әдістерімен және болжамдарымен бөлісті, «Halyk Bank» АҚ және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ топ-менеджерлері инвесторларға арналған таныстырылымдарымен сөз сөйледі.

AIX Басқарма төрағасы Тим Беннетт былай деді:

«Бүгінгі таңда AIX биржасында бағалы қағаздарын орналастырған компаниялардың капиталдандырылуы шамамен 15 млрд. АҚШ долларына жетті. Қазақстандағы бизнеске әсерін тигізетін экономикалық құлдырау шетелдік инвесторлар тарапынан капитал салымдарына деген мұқтаждықтың өсуіне әкеледі. Орталық Азия өңіріндегі капитал нарығына инвестициялар тарту үшін келешегі мол секторлар – тау-кен сегменті, сондай-ақ капиталдандырылуы орташа және ірі жекеше компаниялар болып табылады, біз бизнестің осы сегменттерімен жұмыс жасауды жалғастырамыз».

«WOOD & Co.» Ресей және ТМД бойынша талдау департаментінің басшысы Ильдар Давлетшин былай деп атап өтті:

«Еуразияның қақ ортасындағы бірегей орналасуы, әлемнің аса ірі екінші экономикасымен және әлемнің аса ірі ресурстар жеткізушісінің бірімен арадағы ортақ шекаралар Қазақстанға Азия мен Еуропаның арасындағы сауда ағындарын жалғайтын көпір орнатуға мүмкіндік береді. Жаңа компаниялардың капитал тартуы үшін немесе өңірде орналасқан барлық елдердегі (Өзбекстан, Ресей, Украина, Грузия, Әзірбайжан, Монғолия және басқалары секілді) «жетілген» акционерлердің өз активтерін ақшалы етуі үшін өңірлік хаб болу мүмкіндігі де тартымды болып көрінеді. Бейбітшіл сыртқы саясат және өңірдің негізгі елдерімен қарым-қатынастарда мүдделердің нақты теңгерімі, сондай-ақ жуырда құрылған «Астана» Хабықаралық Қаржы Орталығының дамуы өңірдің кәсіпкерлеріне өздерінің ұлттық экономикаларының тарихи тұрғыда әлсіз институционалдық ортасынан сақтануға мүмкіндік береді».

AIX форумы «Астана» Халықаралық қаржы орталығы ұйымдастырған «Online Astana Finance Days 2020: Құбылмалы әлемдегі нарықтар» аясында өтті.

Анықтама:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ    AIX акционерлері болып табылады. Биржа инвестициялаудың сенімді шарттарын қамтамасыз ете отырып, ағылшын жалпы құқық қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті әрі тиімді жағдайлар жасау есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту болып табылады. AIX «Белдеу және жол» бастамасы шеңберінде тау-кен компаниялары үшін, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобалар үшін арнайы сегменттерді дамытады. Толығырақ: www.aix.kz

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты – халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестицияларды тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: y.pak@aix.kz