AIX жаңалықтары

Жаңалықтар

AIX тау-кен компанияларының қаржыландыруды тарту қағидаларын енгізді

19/09/2019

Astana International Exchange (AІХ, Биржа) AIX-те тау-кен секторы кәсіпорындарының қаржыландыруды тарту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған тау-кен компанияларына арналған қағидалардың (Қағидалар) енгізілгені туралы хабарлайды. Тиісті шешімді «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) қабылдады.

Инвесторлар үшін тартымдылықты арттыру мақсатында  Қағидаларда ірі тау-кен компанияларын дамудың озық сатыларында (1-деңгей) тұрған және тәуекелдің неғұрлым жоғары дәрежесі мен әлеуетті неғұрлым жоғары табыстылық (2-деңгей) тән юниорлық компаниялар ретінде бөлетін сараланған тәсіл қолданылды.

Тау-кен компаниялары берілген деңгейге байланысты таза пайданың болуы және шығарылатын акциялардың ең төменгі нарықтық капитализациясы сияқты AIX листингі бойынша бірқатар талаптардан босатылатын болады. Бұл ретте эмитенттер білікті менеджмент пен техникалық персоналдың болуын, сондай-ақ JORC, NI 43-101 және KAZRC озық халықаралық стандарттарына сәйкес тәуелсіз сарапшылар растаған геологиялық есептілікті көрсетуге міндетті болады.

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. AIX акционерлері АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және сондай-ақ AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ болып табылады. Биржа инвестициялаудың сенімді шарттарын осылайша қамтамасыз ете отырып, ағылшын жалпы құқық қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және тиімді жағдайлар беру есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және Жол» бастамасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты-халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: y.pak@aix.kz