AIX жаңалықтары

Жаңалықтар

AIX-те исламдық облигациялар алғаш рет орналастырылды

10/03/2020

Astana International Exchange (AIX, Биржа) Qatar International Islamic Bank (Катар халықаралық ислам банкі (QIIB) шығарған исламдық қаржыландыру талаптарына сәйкес келетін сукук қарыз құралын Биржаның ресми тізіміне енгізілгені туралы хабарлайды.

QIIB сукукін алғашқы орналастыру Лондон қор биржасында (LSE) $500 млн сомасына жылдық мөлшері 4,264%-ды құрайтын жыл сайынғы бекітілген купонымен жүзеге асырылды.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетов былай деді:

«QIIB сукугін LSE-мен қатар AIX-те кросс-листинг үшін таңдауы халықаралық бизнес-қоғамдастықтың біздің қаржы орталығымызға деген сенімін көрсетеді. Біз барлық әлеуетті эмитенттерді QIIB-ден үлгі алып, өздерінің инвесторлық базасын кеңейту, өтімділікті жақсарту және жаңа нарықтарда исламдық қаржы өнімдеріне қолжетімділік алу үшін АХҚО платформасын қолданудан пайда алуға шақырамыз. Біздің серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастықтың бұл түрі Қазақстан мен өңірдегі исламдық қаржыландыру индустриясының дамуына, сонымен қатар АХҚО-ны исламдық қаржыландырудың халықаралық орталығы ретінде орнықтыруға ықпал етеді деп санаймын».

Абдулбасит Әл-Шайби, QIIB Басқарма төрағасы, айтты:

«Біз QIIB исламдық бағалы қағаздарын (сукук) AIX листингіне қосуға көмектесуге күш салған AIX ұжымына алғысымызды білдіреміз. Бұл QIIB халықаралық деңгейде қалыптасу стратегиясы тұрғысынан маңызды қадам. Қазақстан Республикасында исламдық қаржыландыруды дамыту мақсатында АХҚО-ның стратегиялық серіктесі атанғанымыз біз үшін үлкен құрмет.

AIX Басқарма төрағасы Тим Беннетт былай атап өтті:

«Біз QIIB исламдық борыш құралдарының біздің нарықтағы листингін құптаймыз. Біз листинг инвесторлар мен жалпы нарық үшін жақсы белгі болады және исламдық қаржы құралдарын одан әрі ілгерілетуге ықпал етеді деп ойлаймыз. AIX Орталық Азия өңірінде сукуктерді, сондай-ақ шариғат қағидаларына сәйкес келетін басқа да өнімдердің листингіне арналған негізгі алаңы болуды көздеп отыр».

Анықтама:

AIX 2017 жылы “Астана” халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ    AIX акционерлері болып табылады. Биржа инвестициялаудың сенімді шарттарын қамтамасыз ете отырып, ағылшын жалпы құқық қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті әрі тиімді жағдайлар жасау есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту болып табылады. AIX “Белдеу және жол” бастамасы шеңберінде тау-кен компаниялары үшін, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобалар үшін арнайы сегменттерді дамытады. Толығырақ: www.aix.kz

АХҚО. “Астана” халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты – халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестицияларды тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

QIIB. Катар халықаралық ислам банкі – бұл Катар мемлекетіндегі исламдық банкингі үшін жеке және корпоративтік шешімдерді ұсынатын жеке қаржы ұйымы. Катардың Орталық банкі реттейтін және халықаралық рейтингтік агенттіктер тарапынан қаржылық тұрақтылық тұрғысынан жоғары бағаға ие болған банк, өз клиенттеріне исламдық қаржыландыру талаптарына сай депозиттер, қаржы және сақтандыру бойынша үздік өнімдерді ұсыну үшін жергілікті және халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс істейді. www.qiib.com.qa

БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: y.pak@aix.kz