AIX жаңалықтары

Жаңалықтар

AIX Өзбекстан Республикасына инвестиция тарту үшін өз инфрақұрылымын ұсынды

12/09/2019

Ташкент қаласындағы «Өзбекстан Республикасының капитал нарығы» халықаралық конференциясы аясында Astana International Exchange («AIX», «Биржа») спикерлері бүгінгі күні Биржаның өңір экономикасына шетелдік инвестициялардың ағынын ынталандыру үшін ұсынатын мүмкіндіктері туралы айтып берді. CBonds ақпараттық холдингі ұйымдастырған конференцияға реттеуші, жетекші қаржы және коммерциялық ұйымдардың, жергілікті банктер мен Өзбекстанның өндірістік кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Конференцияға қатысушылар атап өткендей,  Орталық Азияның үлкен қсу әлеуеті бар және жалпы өңірлік деңгейде қолайлы инвестициялық ахуал жасау үшін бірлескен күш-жігердің үйлестірілуі шартымен шетелдік капитал үшін тартымды бола алады.

AIX басқарма төрағасы Тим Беннетт былай деп түсініктеме берді: 

«Бүгін біз өзбек компанияларына өзара тиімді ынтымақтастық үшін тағы бір мүмкіндік ұсына аламыз – бұл  «Астана» халықаралық қаржы орталығы және бұл үшін барлық қажетті инфрақұрылымы бар AIX алаңы арқылы өңір экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту. Жергілікті және халықаралық брокерлер мен инвесторларды қамтитын AIX экожүйесі өзбек эмитенттерінің шетелдік капиталға тиімді шарттарда қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді».

Қазіргі уақытта Өзбекстан үкіметі инвесторларды, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру процесі арқылы тарту бойынша жұмыс жүргізуде. AIX өкілдерінің айтуынша, шығындарды оңтайландыру, тұрақты мемлекетаралық экономикалық байланыстар және бірыңғай әлеуметтік және мәдени контекст тұрғысынан шетелдік капиталды тартудың тиімді нұсқаларының бірі Astana International Exchange-дағы өзбек компанияларының IPO-сы бола алады.

Анықтамалық:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. AIX акционерлері АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және сондай-ақ AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ болып табылады. Биржа инвестициялаудың сенімді шарттарын осылайша қамтамасыз ете отырып, ағылшын жалпы құқық қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және тиімді жағдайлар беру есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және Жол» бастамасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz

АХҚО – «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты-халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады.   Толығырақ: www.aifc.kz

БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: y.pak@aix.kz