AIX жаңалықтары

Жаңалықтар

ITI Capital АІХ-тің сауда мүшесі болды

29/06/2020

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») британиялық ITI Capital халықаралық қаржы қызметтерін көрсету компаниясы АІХ-тің сауда мүшесі болғаны жөнінде хабарлайды.

ITI Capital 1994 жылы құрылған және жаһандық брокерлік қызмет көрсетуге, активтерді басқаруға, қаржы инвестицияларына және жаһандық ауқымда технологиялар трансферлеуге ерекше көңіл бөле отырып, ITI Group шатырлы брендімен қаржы технологиялары саласында маманданады.

AIX басқармасының төрағасыТим Беннетт былай деп атап өтті:

«ITI Capital компаниясының олардың брокерлік істі білуімен үйлесімде бүкіл әлем бойынша клиенттер үшін қолжетімділігі оларды АІХ үшін тамаша серіктес етеді. Біздің жеткілікті түрде мықты болып қалыптасып та қалған сауда мүшелерінің командасына олардың қосылуы өтімділікті арттыру және өсу стратегиясының келесі қадамдарын іске асыруға дайындық барысында біздің жұмысымызға жаңа импульс береді».

ITI Group директорлар кеңесінің төрағасы Олег Железко былай деді:

«АІХ-ке мүше болу бізге және біздің клиенттерімізге инвестициялар үшін жаңа мүмкіндіктер береді. Қазақстан нарығы институциялық серіктестерді бұрыннан тартып келеді және қазір ел экономикасына инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасалып жатқанына біз қуаныштымыз. Біз Қазақстан нарығы туралы біздің Лондондағы және дамушы нарықтардағы клиенттерімізге айтамыз және уақыт өте келе бұл нарық өңірдегі анағұрлым өтімді және әртараптандырылған нарықтардың біріне айналады деп сенеміз».

Анықтама:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ    AIX акционерлері болып табылады. Биржа инвестициялаудың сенімді шарттарын қамтамасыз ете отырып, ағылшын жалпы құқық қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті әрі тиімді жағдайлар жасау есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту болып табылады. AIX «Белдеу және жол» бастамасы шеңберінде тау-кен компаниялары үшін, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобалар үшін арнайы сегменттерді дамытады. Толығырақ: www.aix.kz

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты – халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестицияларды тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: y.pak@aix.kz