Astana Stock	Exchange	- earth_icon

Кең географиялық аумақ

Қазақстан мен Орталық Азия

AIX – инвесторларға бұрын инвестициялар салу үшін қолжетімсіз болған және ендігі қарқынды түрде өсіп келе жатқан әлемнің осы бөлігіне жаһандық қолжетімділікті ұсынатын Орталық Азиядағы бірінші халықаралық биржа

Өзінің ыңғайлы орналасуы арқасында «Белдеу және жол» бастамасының артықшылықтарын пайдалана алады.

AIX-тің Шанхай қор биржасымен серіктестігі қазақстандық нарыққа 2019 жылы «Белдеу және жол» бастамасының арнайы сегментін іске қосумен бірге Қытай капитал қорлары мен өтімділігіне қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Astana Stock	Exchange	-	server

Клиенттерге арналған мүмкіндіктер

Жаңа реттеуіш орта

AIX қағидалары мен рәсімдері ағылшын құқығына негізделген тәуелсіз юрисдикция аясында нарық эмитенттері мен қатысушыларын корпоративтік басқару және ашықтықтың жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін әзірленген.

Инвестициялауға арналған ынталандыру тетіктері

АХҚО инвесторларға да, нарық қатысушыларына да салық жеңілдіктерін ұсынады.

Заманауи биржа инфрақұрылымы қызметтердің толық тізбесін қамтамасыз етеді.

astana stock	change			-	file

Өнімдер мен қызметтердің алуан түрлілігі

AIX үлестік, борыштық және туынды құралдарды, қорлар, туынды тауар құралдары және ислам қаржы өнімдерімен қоса, активтердің түрлі кластарының алуан түрін ұсынуды жоспарлауда.